Астананың білім беру ұйымдарында 57,4 млн теңге заңсыз пайдаланылған

Елордалық Антикор білім беру саласының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Статистикаға сүйенсек, білім беру - сыбайлас жемқорлық ең көп тараған салалардың бірі және ол қылмыстық құқық бұзушылықтар саны бойынша жетекші орындарда тұр. Көбінесе қылмысты оқу орындарының директорлары мен есепшілері, білім бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері жасайды. Осы мәселе жүйелі сипатқа ие және жойылуы тиіс екенін ескере отырып, агенттіктің бастамасымен департамент білім басқармасымен бірлесіп сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді. Бүгін елордада мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшылығы мен есепшілердің қатысуымен білім беру саласындағы талдау нәтижелері жарияланды. Белгілі болғандай, астаналық мектептердің есепшілері мен директорлары білім беру ұйымдарының жалпы сомасы 57,4 миллион теңге болатын қаражатын заңсыз иемденген. Мұның ішінде 29,6 миллион теңгеге жуық сома өтелді. Департамент басшысының бірінші орынбасары Айтуар Ағыбаев өз сөзінде агенттік Оқу-ағарту министрімен бірге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жол картасына қол қойғанын хабарлады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды
Еліміздің 15 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазақстан құрамасының капитаны АЧ финалында қытайлық боксшымен айқасты
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді
Қазақстанда қанша қаржы компаниясы жұмыс істейді?
Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты
Музыка ғасыры Жанар Сүлеймановамен шексіз гармонияға саяхат
Елдос Сметов «Жылдың үздік дзюдошысы» марапатынан үміткер
Алматыда бейнебақылау арқылы қылмыс азайды
Мерзімді қызмет сарбаздары парашютпен алғаш рет секірді
Алматыда полиция студенттердің жатақханасын тексеріп жатыр
Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті
Алматыда полиция қарақшыларды ұстады
Бокстан Азия чемпионатында тағы бір алтынды Айбек Оралбай алды
Сағындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтынды салды
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
Қазақстандық фильм спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
Ғылым мен мәдениеттің тоғысқан тұғыры
«Назарбаев» әлі де өз күнін өзі көре алмай жүр...
Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді