Астананың қақ ортасындағы көше қоқыс тастайтын полигонға айналған

Астананың қақ ортасындағы көше қоқысқа толды. Тіпті тұрмыстық қалдық тастайтын полигон деп қаласыз. Қолқаны қабатын иіске тұрғындар тұншығып отыр. Тау болып үйілген күл-қоқыс қайдан келген? Дәрібек Бахытбек сұрап білді.Қираған үйлер, тау болып үйілген қоқыс. Бір қарағанда кино түсіруге арналған орын секілді. Қаланың қақ ортасы мұндай күйге қалай түсті деген ойда қалдыңыз ба? Көктемде қаз-қатар тұрған жеке үйлерді бұзу жұмыстары басталған. Бірақ орны толық тазартылмаған. Қазір қаңғыбастардың қонысына айналған. Жылыну үшін от жағады екен. Денис КОЛОСОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін мына құлап жатқан екі үйден өрт шықты. Қайта өрт сөндірушілер дер кезінде жетті. Бұл бүгін ғана болып жатқан жайт емес. Ылғи осылай. Ауа ластанып барады. Демалу мүмкін емес. Сол қаңғыбастар шығар деп отырмыз. Солар осында кеп қонады. Болат, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Күні түні білмеймін жанағы өрт болып жатыр. У шу болып жатыр. Күз келді ғой адамдар пеш жағып жатыр. Өртті мысалы түнде болып жатса біз қайдан білеміз? Өрт па әлде пештің түтіні ма? Қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес. Тіпті көлікпен әкеп, төгетіндер бар көрінеді. Тұрғындар бұл мәселемен жауапты мекемелерге бірнеше рет шағымданған. Бірақ мардымда жауап болмапты. Тілеубай ЕРЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мусор енді өздеріңіз көріп жатырсыздар. Ана жақа қарасаң осындай мусор. Сол муцсорды тастап кетіп отыр ғой. Әрмен қарай алмай. Әкепте тастап жатыр. Осы бұзғаннан қалғандар бар. Жоспар бойынша бұл жерге көпқабатты тұрғын кешендері салынады. Бірақ инвестор әзірге табылмапты. Сәуле АЛҚУАТОВА, "САРЫАРҚА" АУДАНЫ БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жоспар бойынша ол жерлерге тұрғын үй кешендерін салынады. Инвестор әр участкіні сатып алады. Егер сатып ала алмаса құрылыс жүргізе алмайды. Тек енді күту керек. Тұрғындардың күтуден басқа амалы жоқ. Олар ең құрығанда қоқысты тазалап, жан-жағын жөнге келтірсе деген тілектері де әзірге жүзеге аспайтын секілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үкімет 108 жастағы сиыр мен өлген адамға субсидия берді
Ақмола облысында аурухана бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Қоспаев ісі: тәркіленген мүлік шетелдіктерге сатылмақ болған
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр