Астананың іргесіндегі Жібек жолы ауылының тұрғындарын жол, су, жарық мәселесі қинайды

Бар заманда зар заманның күйін кешіп отырмыз дейді,- Астана іргесіндегі Жібек жолы ауылының тұрғындары. Айтуларынша, ауылда жол да, су да, жарық та жоқ. Мұның шешілмей келе жатқанына ширек ғасыр болған. Ал, көктем келсе, қар еріп, көлшіктің ортасында қаламыз дейді. Мәселенің мән-жайын толығырақ әріптесім Мирас Жолдыбалин айтады.Мирас ЖОЛДЫБАЛИН ТІЛШІ: Бұл - Ақмола облысы, Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылы. Мұндағы 6-шы микрорайон тұрғындарының әкімшілікті жағалап жүргеніне он жылдан астам уақыт өткен. Оның басты себебі көріп тұрғандарыңыздай, жүрерге жөні түзу жол жоқ, шөлдегенде тіліне нәр қып тамызар, тіршілік көзі су жоқ! Звондап хабарласайын десе телефонмен, сапалы байланыс жоқ! Ал әкімшіліктегілерде ауыл тұрғындарына қарар бет жоқ. Абырой қылғанда қазір күн жылы болып, мұндағы шұрық-шұрық жолдар кебуге айналған. Әйтпесе ауыл тұрғындарының резіңке етіктен көз ашпағанына біраз болыпты. Тұрсынхан СВАГУЗОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Он жыл тұрмыз әлі жол да жоқ, свет те жоқ, су да жоқ, газ жоқ. Соны ай сайын штаб болады, ай сайын құр обещание. Ананы істейміз, мынаны істейміз, бір шұқып кетеді. Тұрғындардың көбі елордаға қатынап, жұмыс істейді. Алайда, қалаға жүретін автобусқа міну үшін аялдамаға бес километр жаяу жүруге мәжбүр. Сәуле АХМЕТЖАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Жолымызды көріп тұрсыз қандай екенін. Атпен ғана жүріп өтетін жол ғой. Жаңбыр жауып кетсе, андай-мындай болса жол жоқ. Ішетін су ол да жоқ. Интернетке тапшылық, интернет ол да жоқ. Жұрт мұның барлығын айтып, әікмдіктің табалдырығын тоздырған. Бірақ, нәтиже шықпай отыр деп қынжылады. Ал жергілікті билік өкілдері мәселе кезең-кезеңімен реттеледі дейді. Олжас САДУОВ, АРШАЛЫ АУДАНЫ ҚАЛА-ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жібек жолы ауылындағы 6-шы, 7-ші, 8-ші ықшам аудандарында үш жоба асырылуда. Ол су желісі, жол және электр желісі. Бүгінгі күні жұмыстар жүргізіліп жатыр, жұмыс кестесі бойынша. Қарастырылған қаражат толығымен бар бізде. Жарық жайы биыл қыркүйек айында шешіледі. Ал жол жыры да сонан кейін аяқталмақ. Бірақ, су құбыры биыл жүргізілмейді, яғни, таза ауыз суға қол жеткізу әзір мүмкін емес. М. Жолдыбалин

Читать источник astanatv.kz/kz/
Белсенді сыртқы саясат – елдің тұрақты дамуы жолында
«Фантазиясы зың екен»: Шрек пен Фионаны сомдағандар жұртты күлдірді (ВИДЕО)
«Ордабасы» үлкен трансфер дайындап жатыр
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Елордада автокөлік ұрлаған адам ұсталды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
2025 жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді