Биылғы 16-желтоқсанда 12 сағат 58 минутта Астанада ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты «Сарыарқа» ауданын, нақтырақ айтқанда «Көктал-1», «Көктал-2» және «Агрогородок» елді мекендерін газбен қамтамасыз ететін басты газ реттеу пунктінде қауіпсіздік клапаны іске қосылды.«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның филиалы шұғыл түрде газды тарату желілеріне жіберу үшін барлық қажетті шараларды қолға алды. Сағат кешкі 19:00-де аталған елді мекеннің абоненттерінің 80% газ берілді. Өзге абонетттерге газ кезекпен жіберіліп жатыр. «Апатты жағдайдың алдын алу үшін тұрғындардан арнайы қызмет өкілдері хабарламай тұрып, газ құрылғысын іске қоспай тұруды сұраймыз. Сондай-ақ газбен байланысты мәселелер тағы да туындайтын болса, 55 89 76 нөміріне хабарласып, болмаса WhatsApp желісіне жазба қалдыру керек. Желіген түскен жазбалар Интергез Орталық Азия мекемесіне хабарланып, өз кезегінде олар арнайы бригадаларға 5 минут ішінде жолданады»,-делінген хабарламада.