Жақында сәбиін дүниеге әкелген Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі бөпесін қырқынан шығарып, сәбиінің жынысын жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz.Блогер гендер-патиге ең жақын деген туыстарын шақырып, өзара атап өткен. Гендер-пати жаз мезгілінде өткен. "Жүрек дүрсілдеп, толқып жүрген сәттерден естелік. Дархан Моңғолиядан әлем чемпионатынан жүлделі болып келген күн, жарымды күтіп алдым ары қарай әуежайдан түсе сала жақындарымыз жиналған жерге бардық. Өзім осы күнді асыға күттім. "Кім болса да Алла өмірін берсін, саналы да хайырлы ұрпақтан етсін" дейсің ғой. Бірақ бәрібір тұңғышың болған соң жынысы да бәрі қызық, бұрын соңды болмаған өзгеше сезім, толқу болады екен", - деп жазды әншінің қарындасы.