Асық ату - қазақтың ұлттық ойыны. Алайда, соңғы кезде сақасын сайлап, асығын майлап жүрген баланы көрмейсің. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін, асықтың пайдасын паш етіп, жас ұрпақты ұлттық ойынға баулып жүргендер бар. Олармен тілшіміз Дәрібек Бакытбек тілдесті.Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Мен қазір балалық шағымды еске алып асық ойнағалы тұрмын. Көрейік ендеше. Келіңдер, балалар. Дәл мына жиналған асықты бірінші иіретін боламыз. Кімнің асығы алшысынан түседі. Сол ойынды алғашқы болып бастайтын болады. Міне дәл қазір менің асығым алшысынан түсті. Енді бастап көрейін. Дөп тигізе аламын ба? Көрейік. Қаздай тізілген асыққа мен дөп тигізе алмадым. Есесіне менің айналамдағы жеткіншектер мерген екен. Бұл мектептің оқушылары үзіліс кезінде үнемі асық ойнайды. Ол үшін арнайы орын қарастырылған. Айтуар Сейітханның 100-ге жуық асығы бар. Тіпті ол жарыстарға қатысып, топ жарып жүр. Сейітхан АЙТУАР, ОҚУШЫ: Асықты мен 4 сыныптан бері ойнап келе жатырмын. Қазіргі таңда мен 5 сынып оқимын. Осы аралықта мен Баянауылға чемпионат Қазақстанға бардым. Біз жүлделі орынмен оралдық. Және осы мектеп лигасында жеңіп алдық. Маған асық ойнаған қатты ұнайды. Мамандардың айтуынша, асықтың 30 мың жылдық тарихы бар. Білім ордасында ұлттық ойынның 2 түрі қолға алынған. Оралбек АҚТІЛЕУОВ, СПОРТ ШЕБЕРІ: Қазақстан бойынша барлық жерде федерация ашылды. Тек қана ауылды жерлерде ғана ашылған жоқ. Каждый район, облыстарда ашылды. Қазір мектеп лигасы болады. Баскетбол, Волейболдан кем емес. Даже бұл ойындардан жарыс көп болады ұлттық ойынымыздан. Және бұл асық ойын ата бабадан мирас болып қалған ата мұра болып қалған. Бірақ, жұрттың бәрі бірдей ұлттық құндылықты дәріптеп жүрген жоқ. Мүлдем асық ойнамағандар бар екен. БЛИЦ: - Қалада өстік, асық ойнаған жоқпыз. - Малдың тобығынан ба алынады ғой сүйек. Сомен қояды атады балалар. Өзім атып көрмегем. Былай сүйекті ұстап көрегем. Бірақ ойнамағам - Аяқ киім шешіп тастап сол асық үшін жан берісіп- алысып ойнайтын едік ғой сол үшін. Ол қызықтар деген естен шықпайды ғой. - Асық та ойнадық бала шағамызбен. Бәрін ойнадық ғой далада жүріп. Сол бала кезіміз қайтадан болса ғой деп ойлаймыз. армандаймыз. Этнографтар асық жай ойын емес - адамның сана сезімін дамыту үшінде пайдалы дейді. Сондықтан оны оқыту құралы деп қарастырған жөн. Досымбек ҚАТРАНҰЛЫ, ЭТНОГРАФ: 20 астам ойын түрі бар асық ойнайтын иә. Соның жанағы бір 4-5 і ақыл-ойды дамытуға арналған. Көрдіңіз ба осындай адамдағы, баладағы дарының дамытуға, арттыруға, қабілетін дамытуға зер салатын осындай ойын түрі болып есептеледі. Сондықтан құнды жәдігер ретінде атадан балаға мұра болып жалғасса игі дейді мамандар.