Алматыда аударыспақтан дүниежүзілік "ат үстіндегі күрес" федерациясы құрылды. Игі бастама Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен жүзеге асты. Бұл спорт түрімен біздің елде 2 мыңға жуық адам айналысады. Қазақстан ғана емес Орта Азия, Кавказ өңірі, тіпті Еуропа елдерінде кең тараған ойын түрі сонау көшпенділерден бастау алған. Жаңадан құрылған федерацияға Еуразияның 10 мемлекеті мүше. Қауымдастық осы спорт түрін дамыту, оны Азия ойындарының бағдарламасына, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес, мәдени мұраларының тізіміне енгізуді мақсат етеді. Федерацияның алғашқы съезі Алматыда өтті, ұйымның штаб пәтері Алматы қаласы болып бекітілді.Марат ЖҰМАН, «АТ ҮСТІНДЕГІ КҮРЕС» ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:10 мемлекет қосылды. «Методичка» ашайын деп жатырмыз. Енді мынау жастарға, әсіресе осы ойын жастарға популизация жасайық деген ойымыз бар. Бүкіл мемлекетпен отырып, бір ортаға «устав» жасап, ортақ шешімге келдік.