Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан босанғаннан кейін желіде өз жағдайын бөлісіп, құттықтап жатқан көпшілікке алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Ерке Есмахан екінші ұлын дүниеге әкелгеннен кейін желіде байланысқа шығып, өзіне жылы лебізін білдіріп жатқан көпшілікке алғыс айтты. Өнер иесі баласы екеуінің қазіргі жағдайын бөлісіп, екі баланың анасы болу қандай екенін жеткізді. Әнші әзірге перзентханада екенін айтты. Ол бірер күннен соң үйіне оралмақ. "Сәлем, қазақ елі. Алдарыңызда Райымбектің жан жары, екі ұлдың анасы, әнші Ерке Есмахан. Аллаға шүкір. Жанұямыздағы үлкен қуанышпен құттықтаған әрбір жанға шын жүрегімізден алғысымызды айтамыз. Жылы лебіздеріңізге рахмет. Сіздерге де жұғысты болсын. Шаңырақтарыңызда сәбидің дауысы естілсін. Барлық арман тілектеріңіз орындалсын. Бақытты болыңыздар. Әні мен бейнебаяны бар бөпетай аман-есен дүниеге келді. Осы күнге де жеттік-ау. Қазір бақытты сәттер мен ерекше сезімдерді бастан өткеріп жатырмыз. Әрине тәтті күндер мен ұйқысыз түндерде қалыс қалар емес. Әсіресе түнде әкесі екеуіміздің жағдайымыз қиындау болып тұр. Әзірге перзентханадамыз. Жағдайымыз Аллаға шүкір керемет. Бір-екі күнде үйімізге қайтамыз", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.