Ата-анаға «сен» деп сөйлеген дұрыс па?

Ата-анасына «сен» деп сөйлейтіндер көбейді. Бір қызығы, оны жастар дөрекелік санамайды. Керісінше, жақындықты білдіреді деп жүр. Тек танымайтындарға «сіз» деп тіл қатады. Сыйластықтың сыралғысы болып келген «сіз» сөзі неге ұнамай қалды? Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Ата-анаға осылай сен деп сөйлейтіндер бар. Мен қатарлы жастар мұны жақындықтың белгісі деп ұғынып жүр. Бірақ сырт көзге дөрекі көрінеді. Ал танымайтындарға сіз деп сызыла кетеді. «Сіз» - құрметтіліктің белгісі. Оған ешкім дау келтіріп отырған жоқ. Ал сен деп тек қатарластар, достар бір-біріне айтуы керек. Бірақ жастардың пікірі басқаша. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Кейде болады бейтаныс, танымайтын адамдарға мұғалімдерге сіз деп сөйлеймін. Негізінен сен деген өзіме жақын. - Көбінесе маған сен деген жақын дүниені білдіреді. Онда ол кісі маған жақын егер қаратып айтатын болсам. Ал сіз деп бөтен танымайтын адамдарға айтып жатам. Сөз қадірін түсінбейтіндей не көрінді? Бүгінгі ұрпақ тәрбиесі қиындап кеткенін қоғам қайраткерлері де жасырмайды. Оған кінәлі тек ата-аналар деп отыр. Балаларын өз деңгейінде ұстағысы келеді. Сен деуге рұқсат беріп қояды. Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Әдепсіздік ол әке шешесіне солай айтады. Ол солай деп ойлайды. Сондықтан бұл да бәрі тәрбиенің барысында кетіп жатқан бір кемшілік. Жалпы әдептілік деген нәрсені біз балаға кішкентай кезден сіңіру керек. Имандылық дегенді әдептілік дегенді үлкенге құрмет деген сіңіру керек ғой. Ол да бір осалдық. Барлығы отбасындағы тәрбиеден басталады. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі емес пе? Орта да адамды қалыптастырады. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Үлкендерді сыйлау керек ғой қай жерде болсын сен деп. Тәрбиелері басқа біздіңкіндей емес. Қоғамдық көлікте отырғанда өтірік көрмегендей отырады. - Қазіргі жастардың өте тәртіптері нашар ғой олардың. - Воспитанияден ғой бірінші. Қалай ол тәрбие алғаны. Үйден көрген тәрбиесі сосын оны далаға шығарады ол. Ата-ана, туыс деген ең жақын, ардақты жандар. Оларға сен деп құрметті арттыра алмасымыз анық. Сондықтан сіз деп шынайы ықыласымызды білдірейік. Д. Оңласын

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шырша орнатамын деп құлаған мұғалімнің жағдайы туралы айтылды
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде чемпион атанды
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Балқашқа былтырғыдан 4 млрд текше метр артық су жіберілді
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды