Танымал блогер әрі продюсер Аден Марғұлан Парижде неке қидырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. "Алланың қалауымен Парижде неке қию бұйырды. Бұйырса болашақта айтып жүретіндей ерекше махаббат хикаясы болсын дедім. Өзім де в шоке болып тұрмын. Қазақстаннан қатты дайындалып келдім. Жансаяға дым айтпай абайка (киім - еск.) алып, неке куәлікті дайындап, алдын ала ата-анасынан рұқсатын алдым. Жансаяның мама-папасы осылай онлайн отырып, батасын берді. Ой уайымдап дірілдеген түрімді көрсеңдер. Ал енді бұйырса үйдегілердің дайындығы басталады. Басқа-басқа, мамам мәз. Имаммен ағылшынша сөйлесіп біраз қызық болды. Өте күшті, жүзі жылы кісі екен. НИШ-та оқығаныма өте қатты қуандым. Өмірімдегі маңызды сәтте ағылшын тілі қатты көмек болды. Бар білгенімді шығардым. Апайлар кезінде "әй, кейін керек болады" деп бекер ұрыспапты", - деп жазған ол. "Некеміз хайырлы болсын! Куәгер достарыма рақмет. Имамға мың алғыс, жүзі жылы күшті кісі екен.Осындай ерекше сәттер үшін Аллаға шүкір! Ал жұғысты болсын!" - деп жазған ол.