«Ата жолы» картасы: Шет елден қоныс аударатын 50 қандас анықталды

Ұзақ мерзімді жаңа инвесторлық виза түрі енгізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Көші-қон саясаты тұжырымдасын іске асыру барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары–Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі бағыттары аясында іске асырылып жатқан негізгі жұмыстарға тоқталайын. Бірінші бағыт – білім иммиграциясы. Мемлекет басшысы Қазақстанды академиялық тұрғыдан ұтқыр және жетекші ғалымдар мен мамандарға тартымды өңірлік хабқа айналдыру мәселесін тапсырған. Осы орайда заманауи кампустары, ғылыми зертханалары бар салалық университеттер ашу үшін кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Кейінгі 2 жылда Қазақстанның жоғары оқу орындарының базасында шетел жоғары оқу орындарының 6 филиалы құрылды. Нәтижесінде, биыл шетелдік студенттердің үлесі барша студенттердің 4,4 пайызына дейін артты», - деді Т. Дүйсенова. Сонымен қатар ол екінші бағыт еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін нақты шаралар қабылдауға арналғаннын айтты. «Қазір А-5 санатындағы инвесторлар Шетелден жұмыс күшін тарту үшін рұқсат алмайтын болды. Жыл басынан бері 76 шетел азаматына осындай инвестор визасы берілді (2022 жылы-95 виза). Әлеуетті инвесторларға шетелдегі мекемелерімізден «бір өтініш» қағидаты бойынша Жеке сәйкестендіру нөмірін және Электронды цифрлы қолтаңба беру рәсімі жеңілдетілді. Бұдан бөлек, инвестор-бизнесмендердің инвестициялық виза алуына қажет төменгі шекті азайту қарастырылып отыр. А-6 деп аталатын ұзақ мерзімді жаңа инвесторлық виза түрі енгізіліп жатыр. Мұндай виза иелеріне еліміздің аумағында тұрақты тұру үшін (10 жылға) ықтиярхат алу құқығы беріледі», - деді ведомство басшысы. «Ал шетелде табысты бизнестері бар этностық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын беру тәртібі бекітілді. Бүгінде «Отандастар» қоры қолында кәсібі бар, елге «Ата жолы» картасы аясында келетін шет елдік 50 қандасымызды анықтап, тиісті іс-шараларды атқарып жатыр», - деді министр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте мәйіті табылған әйел оқиғасына қатысты жаңа дерек шықты
Ішкі істер министрлігінде 2025 жыл «Профилактика жылы» болып жарияланды
Түркістан облысында былтыр кәмелетке толмаған 370-тен астам қыз бала жүкті болып қалған
Журналистика ардагерлеріне жаңа ақпараттық технологиялар таныстырылды
Алматы соты 12 жасар қызды ұшаққа отырғызбай қойған Fly Arystan компаниясына өтемақы төлеуді міндеттеді
2 жасар қыз 135 магниттік шарды жұтып қойды
Қазақстандық талантты футболшыға Еуропа клубтары қызығып отыр
Бүгін – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының құрылғанына 99 жыл толды
Есірткі зертханасын ұйымдастырушылар сотталды
Бүгін Туринде қысқы универсиаданың ашылу салтанаты өтеді
Маңғыстауда есірткі жарнамасымен айналысқан екі күдікті ұсталды
«Жыры бітпей кетті»: Қайрат Нұртастың әйелі басына түскен қиындықтарын айтты
Астаналық жас синхронистер Дубайда өткен халықаралық жарыстарда жеңіске жетті
“Бортсеріктің ішінен ұрған“. Полицейлер Астана әуежайындағы оқиғаға қатысты түсінік берді
Құдай сазайыңды берсін: Белгілі блогер жанайқайын жеткізді
Шымкентте мәйіті табылған әйел оқиғасына қатысты жаңа дерек шықты
Ғалымжан Мұстафаев жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Армиясы Орталық Азиядағы ең әлеуеті жоғары әскер атанды
Атырау мұнай өңдеу зауытының құбырындағы ақау жөнделді
Алматыда троллейбус жас жігітті қағып өлтірді (ВИДЕО)
Павлодар облысында қуаттылығы 3,5 тонна құс фабрикасын кеңейту жобасы жүзеге асырылды
Зейнетақымды алсам, арманым жоқ: 71 жастағы әжей алғаш рет жеке куәлік алды
Тоқаев БАӘ президентімен кездесуде қандай мәселені талқылады
Әскер балуандары Астанадағы "Дала қырандары" турнирінде чемпион атанды