«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов ұсталды. Оған пара алды деген айып тағылып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің хабарлауынша, қазір бұл іске қатысты тергеу жүруде. Абылай Мырзахметов бұл қызметтен былтыр ақпан айында кеткен. Экс-басшы 2003 жылы да мемлекет мүлкін тонау бойынша ұсталып, бес жылға шартты түрде сотталған. Бірақ, соған қарамастан, бостандыққа шыққаннан кейін маңызды қызметтерді атқарды. Президент жанындағы экономикалық даму бойынша мемлекеттік комисияның мүшесі болды, «Қазақстан темір жолы» мен «Самұрық-Қазынада» жұмыс істеді.Арман ТІЛЕУКЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деп күдіктенеді. Күдікті Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде.