Аттракциондағы қауіпсіздікке кім жауап береді?

Бір жылда балалар аттракциондарының қызметі 25 процентке қымбаттады. Соған қарамастан ойын-сауық құралдарының сапасы сын көтермейді. Табыс табуды ғана ойлайтын кей кәсіпкерлер қауіпсіздікті қаперге алмайды. Салдарынан адреналин аламын деген адамның абдырап қалғанын жиі байқаймыз. Бір айналдырса шыр айналдыратын аттракциондар туралы тілшіміз Аружан Задабек айтады.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Адреналин аламын, эмоция шығарамын деген адамдар үшін аттракциондарға міну, кәдімгі психологтың қабылдауына кіргенмен тең. Мен дәл қазір осындай қорқынышты аттракциондардың біріне міндім. (айқайлау) Негізі өте қауіпті. Бірақ... Бірақ жасы да, кәрісі де осы аттракционға құмар. Өзім мініп, «қауіпсіздігін тексеремін» деген ой қате болған секілді. Қорыққаным сонша, түскенше асықтым. Мен қорыққанмен, көбі экстримді ойын құралынан қауіптенбейтін секілді. Кезекте тұрған адам көп. Басым бөлігі – кәмелетке толмаған балалар. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Ұнады ма? - Иә, күшті, эмоционально. - Қорыққан жоқсыздар ма? - Қорықтық. - Қорықпайсыз ба? - Жоқ, шыдаған бала деп айтуға болады. - Ал, бұзылып қалса ше? - Апат болса Құдайға өмір тапсырамыз. - Қорыққан жоқсыздар ма? - Жоқ! Қауіпті аттракциондардың пультін кез келген адам басқарады. Ең сорақысы да - осы. Өйткені, адреналин аламын деген адамдардың өмірі сол бір пультке байланысты. Абайсызда, бір түймесін қате бассаң, шыр айналдырып құлатуы мүмкін. Бірақ, «біздікілер» мұны пысқырмайтын сыңайлы. Бақдәулет ОРАЛБАЙ, ОПЕРАТОР: Сіз механик емессіз ғой. Жасыңыз небәрі 18-де. Қалай сіз қауіпсіздікке жауап бере аласыз? - Тұрғындарға тез барып, бірінші көмек көрсетеміз. Аян ПЫШИНСКИЙ, ОПЕРАТОР: Жұмысқа кіретін кезде сіздерге қандай да бір талап қоя ма? – 18-ден асса болды ғой. Тоқтап қалса өзіміз мінеміз, итереміз. Техникалық талаппен таныс еместер ауқымды техника басқарып отырғаны ақылға сыймайды. Жұмыстың тілін түсінбегеннен кейін тұрғындарға қойылған талапқа да аса мән бермейтін секілді. Оған өзіміз куә болдық. - Жасың нешеде? - 10-да. - Ал, мынаған 12 жасқа толғаннан кейін ғана міну керек қой. Достарымен жүрген бұл қыздың жанында ата-анасы жоқ. Соған қарамастан ең қауіпті аттракционға қалай мінгізген? Сізді де алаңдатқан сұрақты демалыс орнының әкімшісіне қойдық. Нұрнәсіл БОРАШ, САЯБАҚ ӘКІМШІСІ: Мына аттракционға негізі қанша жастан бастап отыру керек? - 12. - Жана 10 жастағы отырды ғой. Оған не дейсіз. Балалардың қасында документ болмайды. Қанша сұраймыз. Біз адамдардың бәрінен сұраймыз. 12 жас бар ма, жоқ па? Дене бітіміне қараймыз. Сәйкес келсен отырғызуға кіргіземіз. Негізі ереже бойынша елдегі ойын-сауық құрылғыларының сапасы мемлекеттік органдар тарапынан ұдайы тексерілуі тиіс. Бірақ, соңғы жылдары болған апатты жағдайларды ескерсек, экстремалды құрылғылардың барлығы талапқа сай деп айту қиын. ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ: Стандартқа сәйкес, аттракциондардың қауіпсіз жұмыс істеуіне мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Қауіп аяқ астында. Ойын құралдарын қолдану ережесіне мұқият қарамасақ оқыс оқиғаға тап болуыңыз әбден мүмкін. Мына менің қолымда тұрған аттракцион билетінің аурухана төсегіне, керек десең, о дүниеге жолдама болмасына кім кепіл?

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді