"Атырау – Астрахань" жолы жұмыстың қызуына қиыршық тастың жетіспеуі себеп

"Атырау –Астрахань" жолының екі шақырымға жуық бөлігі бұзылып, қайта жасалмақ. Құрылыс кезінде жол тегістігі сақталмаған,- дейді жол сапасын бақылаушы мамандар. Жылдар бойы жырға айналған халықаралық жолдың құрылысына жан біткенімен, әлі де баяу. Былтыр битум тапшы болса, биыл қиыршық тасты тасымалдау қиындық туғызып тұр.Ала шаң, ойдым-ойдым жол. «Атырау-Астрахань» жолы құрылысы басталғанымен, жұмысы сылбыр,- дейді жүргізушілер. Бауыржан ҚАЙЫРДЕНОВ, ОБЛЫС ТҰРҒЫНЫ: Жол көріп тұрсыздар ғой, қандай екенін, кішкентай жерге жете алмай сүйретіліп келе жатырмыз. Жасалып жатыр, бірақ қала жағы жасалып жатыр, бер жағында жұмыс жоқ жүріп жатқан. Халықтың көзімен көргенде сол. Ходовойы кетіп қалды жолдан тоқтап сүйреп келе жатыр. Ерқанат БИСЕНҒАЛИЕВ, ОБЛЫС ТҰРҒЫНЫ: Жолдың құрылысына көңіл толмайды. Биыл бітіреді деген жылы ғой. Көк ала шаң, су шашпайды. Машинамыздың ходовойы тарсылдап жүріп жатырмыз. Бұл жол биыл бітеді дегенге сенбеймін.+Құрылыс жүріп жатқаны байқалып тұрған жоқ. Әр жерде 1-2 трактордан тұрады. Бірақ жасап жатқан адамдар көрінбейді. Құрылысқа көңілі толмайтын жол азабын тартқан жүргізушілер ғана емес. Жол сапасын бақылаушылар да өрескел қателіктерді анықтаған. Тексеріс нәтижесімен 2 шақырымға тарта жолды қайта жасауға ұсыныс берген. Нұрлан ЖАНТӨРИН, «ЖОЛ АКТИВТЕРІ» ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 648, 693 шақырымында жол жабындысының тегістігі сақталмағандығы, төменгі қабатының, сондай ақаулықтар анықталды. Ол жерде «Тодини» деген компания Аққыстау ішілік жол салынған уақытта жол жабындысының төменгі қабатынан анықталған. Ол арнайы аспап арқылы анықталады. Бізде жылжымалы жол зертханасы бар, сол жылжымалы жол зертханасымен жүріп өткен кезде 1 км 700 м жер қайта жасалуға жатады қазіргі уақытта. Құрылыс жұмыстары биыл сәуірдің ортасында басталған. Содан бері 25 шақырым төменгі қабаты төселді. Біріқ қиыршық тастың жеткіліксіздігі кедергі келтіріп тұр,- дейді мамандар. Шикізат көршілес Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан тасымалданады. Вагон тапшылығы, өткізу мүмкіндігінің төмендігі қолбайлау болып тұр. Болатбек АЙТПАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК АОФ ДИРЕКТОРЫ: Биылдың өзіне 2 млн тонна керек. Сол 2 млн тоннаның бізде 28 мың полу вагон қажеттілігі, қазір алып жатырғанымыз 7 мыңнан астам, енді 21 полувагон қиыршық тас бізге керек. Осы мәселені шешу қазір ең басты мәселе. Егер бізге қиыршықтас келетін болса, өз өлшемдерімен әр учаскеде екінші фронт ашуға да болар еді. Екінші де, үшінші де ашуға болады. Бірақ ол техниканы келесің, адамды алыпк елесің. Жұмыс жасайтын қиыршық тасың жетпесе смысл болмайды. Дегенмен мамандар құрылыс кестеге сай жүріп жатыр,- деп отыр. Айтуларынша, бөлінген 56 млрд теңгенің 30 пайыздан астамы игерілген. Жыл соңына дейін төменгі қабатымен жолды толықтай ашамыз,- деген сенімде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды
"Астана" өз стадионына қашан оралады?
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
Жамбыл тұрғыны жолдасын кірпішпен ұрып, 11 жылға сотталды
Астана - Челси ойыны: Алматыда қай көшелер жабылады?
Шетелдіктерге тәркіленген Қоспаев ҰҚТ мүлкін сатпақ болған - ҚМА
Жапониядағы жаңа елші тағайындалды
Үкімет Ұлытау облысында мектеп салуға 1,2 млрд теңге бөлді
Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады: 12 желтоқсан 2024, 09:37 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елімізде 25 мың жұмыс орны ашылады
Қоспаев ісі. "Никольский" базарын шетелдіктерге сатып жібермек болған
Басым салалардағы жобалар: 25 мың жұмыс орны құрылады
8 жасар қазақ баласы шахматтан Азия чемпионы атанды
Алматы әкімдігі 2024 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі көрсеткішті жақсартты
Тоқаев Жапониядағы елшіні ауыстырды
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
"Дарын" сыйлығының иегерлері анықталды
Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісі тағайындалды
Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметінен босатылды
Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде ауыс-түйіс жүргізді