Атырау Мұнай өңдеу зауытындағы жоспарланған тексеру жұмыстарының 50 пайызы аяқталды

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарланған тексеру жұмыстарының 50 пайызы аяқталды. Қауіпсіздік пен өндірістің тиімділігін арттыруға арналған шара уақытында, осы айдың аяғында тәмамдау жоспарл анған. Зауыт басшылығының айтуынша, өндірістің тоқтауы мұнай өнімдерінің тапшылығын туғызбайды. Зауыт резервуарларға жинақтаған мұнай өнімдерін әдеттегідей еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтіп жатыр. 1600 жұмысшы, 100-ден астам ауыр және жеңіл техника. Атырау Мұнай Өңдеу зауытының негізгі жұмысы тоқтап тұрғанымен, тексеру-жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жұмысшылар екі ауысыммен, күндіз-түні тер төгуде. Жергілікті жұмысшылармен қатар көршілес Ресей, Қытай, Франция елдерінің білікті мамандары тартылған. Жыл сайын өтуі тиіс тексерудің уақытында және сапалы аяқталуы маңызды. Сондықтан уақыт үнемдеу үшін технологиялық нысандардың жанына жұмысшылардың тамақтануына арналған шатырлар, модульдік демалыс орындары қойылған. Тіпті қызметкерлер ауыра қалған жағдайда 6 өндіріс орнында фельдшерлік пункт орнатылған. Мұрат ДОСМҰРАТОВ, «АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ: Біздің негізгі қондырғыларымыз 4, 2, кейде жылына бір рет тексеріледі. Бұл негізінен жабдықтардың пайдалану мерзіміне байланысты. Уақыты келгенде техникалық қадалғалау мамандарының ұсынысымен құбыр желісінің кейбір учаскесін, кейбір жабдықтарды ауыстырамыз. Зауытта 43 технологиялық компрессор бар . Олардың да тексеру нормалары бар. Тексеру жүргізу үшін қондырғыларды толығымен тоқтату керек. Бұл жұмысты уақытында жүргізу технологиялық параметрлерді жақсартып, жұмыс тиімділігін артырады. Мамандар аппараттарды бумен тазалау процесі жабық жүйеде өтетінін айтып, көмірсутек қоспасы ауаға шығарылмайды ,- дейді. Тексеру жұмыстары күзде жүргізілуінің өзіндік себебі бар. Көктем және жаз мезгілінде егін егіп, өнім жинайтын кезде шаруаларды жанар-жағар майдан үзбеу керек. Сондықтан мамандар алдымен қажетті қорды жинақтап, сосын ғана зауытты жөндеуге тоқтатқан. Әділет ШОШАНБАСОВ, «АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОР ЫНБАСАРЫ – БАС ИНЖЕНЕР: Осы жұмыстың басталуының алдында 36 мың тонна автобензин, 32мың тонна дизель отыны және 7 жарым мың тонна керосин отынымен қорды жинақтағанбыз. Бүгінгі таңда сол қорды министрлікпен кестесімен жөнелтілу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жұмыстың 50 пайызы бітті деп айтуға болады. Кестеден ауытқу жоқ. Оған қоса қазан айында 16 мың тонна автобензин, 28 мың тонна дизель отынын өндіру жоспарланған. Өйткені зауыт басшылығының айтуынша, тексерудің алғашқы кезеңі 20 қазанда, толықтай жөндеу ай соңында аяқталады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды