Атырау облысының Жылыой ауданында су тасқынынан залал келген үйлерді бағалау басталды

Атырау облысының Жылыой ауданында су тасқынынан залал келген үйлерді бағалау басталды. Мамандар сараптама жүргізіп жатыр. Әзірге екі мыңнан астам өтінім түскен. Жем өзені арнасынан асқан кезде ауданда үш мыңға жуық үй су астында қалған еді. Тұрғындар біртіндеп баспанасына оралып, дүние-мүлкін түгендеп жүр. Тасқыннан кейінгі тіршілік жайлы тілшіміз баяндайды. Құлсары қаласының тұрғыны Роза Нұрманованың эвакуациядан кейін оралғаны - осы. Үйге көшіп келу түгілі, кіру мүмкін емес,- дейді. Әзірге суды толық сорып болмаған. Тұрмыстық техника, жиһаздың бәрі - жарамсыз. Тасқын су кезінде бұл аумақтағы қызыл су бойдан асқан. Роза НҰРМАНОВА, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін келсем, суларды кішкене тартқызып қойған екен, ішінің бәрі су кіру невозможно, канализацияның иісі шығып тұр дейді ғой, тұра алмаған мына балалар, мүмкін емес дейді су. Заттарды ала алмадық, холодильнигім төңкеріліп жатыр, екі тас қойып биіктетіп кеткеннің өзінде. Қазір тасқыннан бүлінген үйлердің жағдайын бағалау жұмысы басталды. Аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Сармановтың сөзінше, осы уақытқа дейін тұрғындардан 2300 өтініш қабылданған. Бір де бір адамның арызы қараусыз қалмайды,- дейді. Нұрболат САРМАНОВ, ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әлі де қабылдау жүріп жатыр. Қазір бес құжатты бірден дайындап жатырмыз, бағалау жұмыстары басталып кетті. Жадырасын ықшам ауданында 46 үйге түсті. Алдағы 3 ші күндері тағы топтар келеді деп отырмыз, қазір 6 топ жұмыс жасап жатыр. Түстен кейін Мешіт ауыл, 2 ауыл, 6 ауылдарға жіберу жоспарланып жатыр. Алдағы уақытта қарқынды жұмыстар көбейеді. Қазір Құлсары қаласының аумағын тасқын судан тазарту тәулік бойы жүріп жатыр. Жергілікті төтеншеліктермен бірге, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы облыстарынан келген мамандар жұмылды. Бүгінге дейін 1 млн текше метр су шығарды. Сондай-ақ суға кеткен көп қабатты, жеке үйлерге, аулалар мен кіреберістерге, мәдениет, спорт және коммерциялық нысандарға дезинфекция жасалды. Мал қорымына 400ден астам ірі қара мен ит жойылды. Мамандардың айтуынша, аудандағы эпидемиялық жағдай тұрақты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастама бастау алды
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
Семейде зейнеткерді көлік қағып кетті
Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға 5 млн теңге табысталды
Астанада полицейлер күшейтілген режимге ауысты
Төрт Қазақстан спортшысы шаңғымен трамплиннен секіруден Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді
Бюджет қаражатын ысырап еткендерге сот үкімі шықты