Атырау әкімі бөгетті нығайтуға көмектескен 92 жастағы әжеге Президенттің алғысын жеткізді

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бөгетті нығайтуға көмектескен 92 жастағы әжемен кездесті. Оған Президенттің алғысын жеткізді.Махамбет ауданындағы Бейбарыс ауылында тұратын Орынша Қожиеваның жасы – 92-де. Ол 10 баласынан 16 немере мен 10 шөбере сүйіп отыр. «Первомайский» ЖШС-да, кейін зейнеткерлікке шыққанға дейін мектепте жұмыс істеген.Ал кейінгі күндері ауылдастарына Жайық өзенінің жағалауын нығайту үшін қапқа топырақ толтыруға көмектескен. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тараған. «Бейбарыс ауылындағы мектеп ұжымына жағалауды нығайту жұмысына үлес қостыңыз. Президент қоңырау шалып, жанқиярлық еңбегіңіз үшін алғыс айтуды тапсырды. Сіз су тасқынына дайындық жұмысына үлесіңізді қосып, жастарға үлгі болып отырсыз», - деді Серік Шәпкенов. Орынша Қожиеваның айтуынша, елді мекенді тасқын судан қорғау – баршаның парызы. Сол себептен үйінде отыра алмаған. «Қазір біраз жасқа келіп қалдым. Сондықтан менің қолымнан құм толтырылатын қапты жедел дайындап отыру ғана келеді. Табиғаттың тосын мінезін болжау мүмкін емес. Осы жасыма дейін мұндайдың талайын көрдік. Сондықтан су тасқынына алдын ала дайындалу керек», - дейді Орынша Қожиева. Облыс әкімі бүгін Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялаудың мақсатына тоқталды. «Бұл – жергілікті атқарушы органдар мен тиісті қызметтердің алдағы су тасқынына қарсы дайындығын күшейту мақсатында жасалған қадам. Дүрбелеңге салынуға, үрейленуге еш себеп жоқ», - деді Серік Шәпкенов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда 24 қарашада доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
«Талдықорған-Үшарал» газ құбырын салу жоспарлы түрде жалғасуда
Мектепте ұялы телефон қолдануға шектеу енгізген елдер қатары артып келеді
Адамның мінезі оның ғұмырының ұзақтығына әсер етеді
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
Серік Сәпиев басшылық қызметке ұсынылды
Түркістан облысында анасы мен қызын өлтірген мұғалімнің ісін алқабилер қарайды
Оқушы қыз бен анасын өлтірген экс-мұғалімнің ісін алқабилер қарайды
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесін атап өтуде
Ризабек Айтмұқанның Қазақстандағы басты қарсыласы әлем чемпионы атанды
Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасын басқаруы мүмкін
Шымкентте пәтерлердің бірінен қария өлі табылды
Көкшетау тұрғыны алаяқтардан 1 миллион теңгесін қайтарып алды
Шыңғысхан кезінде Қазақ елі деген мемлекет болған жоқ – Саясаткер
Түркияда жолаушылар автобусы фурамен және жеңіл көлікпен соқтығысты
Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде пара алған экс-шенеунік сотталды