«Атырау-Астрахань» тас жолы құрылысына техникасын жалға берген кәсіпкерлер бір жылдан бері ақшаларын ала алмай жүр

«Атырау-Астрахань» тас жолы құрылысына техникаларын жалға берген кәсіпкерлер бір жылдан бері ақшасын ала алмай жүр. Олардың алды 7-8 миллион теңге болса, кейбірі 65 миллион теңгеге дейін алашақ Бірақ мердігер «Прогрессити» компаниясы басшылығы тек құр уәдемен алдарқатып келеді,- дейді әбден қажыған кәсіпкерлер. Құрылыс компаниясы неге ақшасын бермей жүр? Бұл сағызша созылған атышулы «Атырау-Астрахань» жолының құрылысына әсер ете ме? Тілшіміз анықтап көрді.Құраш Есенов жол құрылысына автогрейдерін жалға берген. Техникаларды үйін кепілге қойып алыпты. Соңғы айларда несие төлеуге жағдайым болмай қалды,- деген ол астындағы баспанасынан айырылып қаламын ба деп қорқады. Былтыр сәуірден бері 10 миллион 500 мың теңгесін ала алмай жүр. Құраш ЕСЕНОВ, КӘСІПКЕР: Прогресс Ситиға бердік договор бойынша. Былтыр сәуірден бастап. Содан биылғы жылға дейін ешқандай ештеңе алған жоқпыз ғой. Біздің де семьямыз бар деген сияқты. Налог бар төлейтін. Қазавтожол ақшаны бердік дейді. Тодини біз оларға ақшаны бердік дейді Прогреске. Ал Прогрестің ақшасы жоқ төлейтін. Олар келіп Тодинни бізге бережақ дейді. Кім кімге бережақ екенін білмейміз. Мирас ИЩАНОВ, КӘСІПКЕР: Мен былтырдан бері майдың 15-інен бастап жұмыс жасадым. Договормен «Прогресс» деген мекемеде. Содан биыл 24 қой, содан бері ақша берген жоқ әне береміз, міне береміз деп ай сайын соза береді ғой. Бір тиын ақша алған жоқпын. Бірақ екі ай жарым жұмыс жасап тастадым 2 самосвалмен. 7 миллион жарым алажағым бар. Екі Камазбен жұмыс жасадым. Шөпір жалдадым. Оларға жалақыны қалтамнан төледім. Атырау-Астрахань жолына техникаларын жалға бергендердің саны қырықтан асып жығылады. Бәрінің қолында келісім-шарттары бар. Кейбіреулер жұмысын қойып, басқа жұмыс іздеп кеткен. Ал көпшілігі әлі күнге бас мердігер «Тодини» компаниясын жағалап жүр. Забаиоллан ЗАРУНИ, «TODINDI» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Бізге тапсырыс берушіден 4-5 ай бойы ақша түскен жоқ. Енді ғана беріп жатыр. Сондықтан біз «ПрогресСити» компаниясынан кімге қанша төлеу керектігі туралы тізім алдық. Таңертеңнен бастап жайлап төлеп бастап жатырмыз. Бірақ қарыздың қанша пайызын төлейтінін айта алмаймын. Басшы да, есепші де мұнда отырмайды. Адамдар ақшасын ала алмай жүргендіктен, осындай шешім қабылдадық. Жағдайдан облыс атқамінерлері хабарсыз. Республикалық бюджет қаржысына салынып жатқандықтан құзырымыз жүрмейді,- дейді. Ал тапсырыс беруші «Қазавтожол» Ұлттық Компаниясының Атыраудағы басшылығы да уақытының жоқтығын айтып жағдайды түсіндірген жоқ. Айта кетейік, 40 жыл жөндеу көрмеген халықаралық маңызы бар Атырау-Астрахань жолы қайта-қайта кейінге шегеріліп, халық арасында «тозақ жолы» аталып кеткен.Жоспарынан жаңылмаса, биыл толық пайдалануға берілуі тиіс.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мүфтият бұрынғы бас мүфтиге көлік мінгізді
Brain drain немесе білімді қазақ жастарының шетелге имиграциялануының сыры неде?
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Адамдардың ауыруына тыйым салынды
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер қандай?
"Өнерден кету ойда бар": Актер Рүстем Жаныаманов өнерден кете ме?
Ол кездесуді сұрады: Трамп Путинпен келіссөздер өткізетінін мәлімдеді
Жетім баланы үй кезегіне қоймаған мемлекеттік орган жауапқа тартылды
Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақыланады
Елдос Сметов Лондонға кетті
Мемлекеттік сатып алу: 1 қаңтардан бастап қандай өзгерістер болады
Румынияда метапневмовирустың алғашқы дерегі тіркелді
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді
Биыл тоғыз автокөлік өткізу пункті жаңғыртылады