3 ақпанда Атырау-Доссор тас жолында Mercedes жүк көлігі жолдың қарсы бағытына шығып, көп көлікке қауіп төндірген, деп хабарлайды Polisia.kz.Аталған автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 606-бабының 1- бөлігімен әкімшілік хаттамасы жасақталды.Атырау облысында жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында полиция департаментінің бастамасымен ашылған "Белсенді азаматтар 06" Telegram жұмыс чатында кез келген заң бұзушылық назардан тыс қалмай, заң аясында тиісті шаралар қабылданып жатыр. "Аталған жұмыс чатында бүгінде облыстық және республикалық тас жолдарда жол қозғалысына қатысты 700-ге жуық арыз-шағымдар келіп түскен", - делінген хабарламада.