Атырау және Ақтөбе облысының тұрғындары құқықтық кеңес алды

«AMANAT» партиясының өкілдері қарғын судан зардап шеккен Атырау облысындағы Қызылқоға ауданы тұрғындарына және Ақтөбе облысы Қобда ауданы жұртшылығына құқықтық кеңес берді. Республикалық қоғамдық қабылдау мамандары әр тұрғынның сұрағын жеке-жеке тыңдады. Атырау облысы орталығынан шалғай жатқан Қоныстану ауылында тасқын судан қауіп төнген кезде бес үй, үш шаруа қожалығы суға кеткен еді. Мәселен, Жұлдызай Бақтыбаеваның үйі су астында қалған. Ішінен киім-кешегін де алып үлгермеген. Жұлдызай БАҚТЫБАЕВА, ҚОНЫСТАНУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Оның ішінде заттарымыз кетті, балаларымның киімі бар. Холодильник, кір машина, тұрмыстық техникамыз бар. Үйміздіің құлаған ішінде бытовая техника бар ғой. Соған қандай көмек болады деген сұрақпен келіп едім. Жалпы алдағы уақытта болады. Барлық жағынан көмектеседі деген жауап берді. Ауылға заңгерлер келгенін естіп, ауыл тұрғындары көптен шеше алмай жүрген өзге де мәселелеріне кеңес сұрай келді. Айта кетейік, қазір баспанасы зардап шеккен тұрғындарға үй салу үшін жер анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 28 отбасығы 369200 теңге көлемінде біржолғы өтемақы төленген. Ақтолқын АХМЕТЖАНОВА, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ АОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Тұрғындардық сұрағы негізінен сол суға кеткен үйлерді бағалауға қатысты және жаңадан тұрғын үй алу мақсатында, «Отбасы» банкіндегі тұрғын үй, баспана тағы да басқа жаңадан шығып жатқан бағдарламалардың қандай екенін білуге арналды. Әрине, барлығына жан-жақты толықтай сұрақтарға жауаптар берілді. Сондай-ақ қоғамдық қабылдау Ақтөбе облысы Қобда ауданында да өтті. Оған су тасқынынан зардап шеккен отыздан астам тұрғын түрлі мәселемен келді. «AMANAT» партиясының өкілдері халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өңірде жыл басынан бері 11 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 75 азамат заңгерден кеңес алды.  Алпамыс ӘБЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ: Азаматтардың көпшілігі мүлікті бағалау, өтемақыны төлеу мәселелерін көтеріп отыр. Барлық сұрақтарға тиісті мемлекеттік органдар, әділет басқармасы бастаған юристтер, нотариуюстар өз түсініктемелерін берді. Қабылдауда болғандардың көпшілігі суға кеткен үйінің дұрыс бағалануы, бұрын құжаттарының бұрыс болуына байланысты қайта рәсімдеу шаралары, мұрагерлік жолмен баспана рәсімдеу және өзге де өзекті мәселелермен жүгінді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Черчесов бапкерліктен кетеді - ҚФФ анығын айтты
“Қандай үлкен“. “Бурабай“ ұлттық паркінде сілеусін видеоға түсірілді
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды
«Алматы жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау қайта басталды
Қазақстандық төреші үстел теннисінен ATTU техникалық және төрешілер комитетіне қабылданды
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Сенаторлар Қазақстанның ЕҚДБ-мен ынтымақтастық мәселесін талқылады
Черчесовтің қызметінен кететіні рас па? Федерация түсінік берді
Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Павлодарда ұсталды