Атырау маңындағы 180 шаруа қожалығы су астына қалуы мүмкін

Қайыршақин, Еркінқала, Алмалы ауылдық округтері мен Атырау қаласында 180 шаруа қожалығын су басу қаупі бар.Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабының ақпаратынша, Атырау қаласы бойынша 265 шаруа қожалықтың 37-сін, яғни 3120 гектар аумағын су басты. Оның ішінде Соколок өзені бойы, Алмалы мен Еркінқала ауылдық округтері бойынша суда қалған 18 мал шаруашылығы, 19 егін шаруашылығы тіркелген. "Су басқан шаруа қожалықтарындағы мал басы қауіпсіз аймаққа көшірілді. Адам шығыны мен үйлерді су басу жағдайы орын алған жоқ. Алайда, "Алтын сазан" демалыс орны мен "Адай" дүкені зардап шекті. Қазіргі уақытта әкімдік тарапынан қиын жағдайда қалған шаруа қожалықтарына техника, жанар-жағармай, құрал-жабдықтар, бөгет салу, және малға қажетті жем-шөппен көмек көрсетілуде" дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов. Қауіпті аймақтарда тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылған. Айта кетейік, ауыл шаруашылығына келген шығынды өтеу бойынша қалалық комиссия құру жоспарланып, сол арқылы шаруа қожалықтарының иелеріне өтемақы төленбек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
«Жүрегім бос»: Қуат Хамитов қандай жар іздеп жүргенін айтып берді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
35 градус аяз күтіледі