Бұл мәселені шешу үшін биыл өңірде алғаш рет мектеп есепшілерін даярлауға әкім гранты бөлінді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.Басты талап – оқуды аятаған соң міндетті түрде сол салада бес жыл жұмыс жасау қажет. Білім ұяларында есепшілердің жетіспеуіне жалақының төмендігі себеп болып отыр. Мектептің барлық қаржылық қызметі үшін жауап беретін бас есепші мұғалімдерге 300-400 мың теңге аудара отырып, өздері 100 мың теңге алады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев айтты. Оның айтуынша, білім гранты тек жергілікті тұрғындарға бөлінеді. Мақсат – маман тапшылығын жою. Осындай мүмкіндікке ие болған медицина, педагогика, энергетика салаларының өкілдеріне енді есепшілер де қосылды. «Ұстаздардың жалақысы өскен кезде директорлар мен есепшілерде өзгеріссіз қалды. Бұл – әділетсіздік. Осыны ескеріп, грант бөлу туралы шешім қабылдадық. Қазір студенттер жергілікті бюджет есебінен оқып жатыр» дейді ол. Айта кетейік, биыл облыс әкімі түрлі мамандықтар бойынша барлығы 295 грант бөліп отыр.