Атырау мектептеріндегі 305 бейнекамера ауыстыруды қажет етеді

Петропавл мектебіндегі оқушының жаға ұстатар әрекетінен соң аймақтардағы білім ордалары күзет қызметінің жұмысын жанталасып тексеріп жатыр. Бейнекамералардың жедел басқару орталығына қосылуын қадағалауда. Мәселен, Атырау қаласында 305 бейнекамераны ауыстыруды қажет екендігі анықталды. Тіпті кейбір камералардың түсірілімін сақтайтын жадылары істен шыққан болып шықты. Ал өзге өңірлерде жағдай қалай? Тілшілер айтады.Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Атырауда қала маңындағы елдімекендердегі 14 мектеп полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылмаған. Техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр деген желеу айтады. Ал Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектепте 40 бейнекамера орнатылған. Ішкі бақылаудың полицияның жедел орталығына қосылған-қосылмағанынан директор бейхабар болып келген. Тек түсірілім барар кезде ғана сұрастырдық,- дейді. Ал бірінші қабаттағы 16 камера іске қосылып тұрғанымен, видео сақталмайды. Рамазан ЕГІЗӘЛИЕВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: Өзімізде балалар инспекторы бар сұрап білгенде бүгінгі таңа қосылып тұр деп айтты камерамыз. Біздің бірінші этажымызда көрсетіп тұратын 16 камерамыз жесткий диск сақталуы жасамай тұр, оны хабарладық жөндейтін кісілерге әкеліп қондырамыз деді. Ал сырттағы бейнебақылауға күзетшілер жауапты. Тәулігіне 24 сағат көз алмай, бақылап отырамыз. Бірақ, алатынымыз 70-ақ мың теңге, - дейді олар. Білім басқармасының ақпаратынша, шаһардағы мектептердің 17-сіне мамандандырылған, ал 33-іне лицензияланған күзет қызмет көрсетеді. Ал оларда көбіне зейнет жасындағы адамдардың еңбек етуі білім басқармасын ойлантып қойды. Гүлнара СӘДУАҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Күзет мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс жариялап жұмысқа келгеннен кейін бұл жерде анықталып отырған бір мәселе қызметкерлердің жасы зейнеткерлік жастағы ағай-апайлар екен. Жалпы бұл мәселе көтерілуде, жолға қойылуда, аты күзет болғаннан кейін күзетке тапсырдық деп толық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді деген ойдамыз. Биылғы оқу жылында мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 88 млн. теңге бөлінген. Оған 200 мектепке «дабыл түймесі» қондырылды. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Әзірге қаладағы 63 мектептің 45і ғана жедел бақылау орталығына қосылған. Білім беру саласына жауаптылар оқушылардың қауіпсіздігін күшейту жұмыстарын жалғастырамыз, - дейді. Ал Павлодарда жағдай қалай? Әріптесім Өзгеріс Қуанар жалғастырады. Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Ал Павлодарда соңғы кездері "мектепке бомба қойылды" - деп жалған хабар таратушылар тыйылмай тұр. Күні кеше қаладағы 19 мектепке осындай хабарлама түскен. Салдарынан 2000 мыңнан астам оқушысы қауіпсіз жерге шығарылды. Мұндай хабарлама балабақшаларға да жеткен. Бірақ, оларға эвакуация жасалған жоқ. ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:Полицияға 34 жалпы орта білім беру мектебі директорының электрондық поштасына “мектепте мина қойылған“ деген мазмұнмен хабарлама келіп түскені туралы арыз түсті. Оқиға болған орынға барлық қызметтер шұғыл жіберілді. Жедел топтың қызметкерлері мектеп ғимаратына тексеру жүргізді. Тексеріс кезінде қандай да бір күдікті зат анықталған жоқ. Осы факті бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр. Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Жалған хабар берушіні полиция іздеп таппай жатыр. Ал білім басқармасы мектептердегі қауіпсіздікті күшейткен. Қазір оқу ордаларына кіріп шығу қатаң бақылауға алынды. Б. Надірқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Роза Рымбаеваның видеосы көпшілікті елжіретті
Атырауда емхана есепшісі өз жеке кәсібіне 225 миллион теңгені аударып жіберген
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
Тұман түсіп, жел күшейеді
ШҚО-да қар көшкініне байланысты республикалық жолдың бір бөлігі жабылады
Бірнеше өңірде ауа ластанады
6 пәтер мен 19 люкс көлік алған: Қарағандыда ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері қызының еміне жиналған ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді
24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“Бір плюс, бір минуспен аяқталды“. Экономист 2024 жыл туралы
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды
2024 жылы ең көп қойылған есімдер. Тізімде кімдер көш бастап тұр?
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Жел, көктайғақ, тұман: 24 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жамбыл облысында электровоз жөндеу депосы іске қосылады
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы қоныс тойын тойлады
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Салтанат кейсі: 2024 жылғы тұрмыстағы шулы зорлық оқиғалары
Астанада шаңғы маусымы ашылды
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Төл шаңырақ – жетім жүрек жәннаты
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды