Атырауда ІІ –ші «Bolashaq Energy Forum » форумы өтті. Кезекті энергетикалық жиын Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті алаңында ұйымдастырылды. Алдымен жоғары оқу орны жанынан «Болашақ » корпоративтік қоры мен Тұрақты даму кафедрасы ашылды. Олар жастардың әлеуметтік инновацияларын қолдап, тәжірибе алмасуға, еріктілердің сарапшылық қызметін қолдауға бағытталған. Ал энергетикалық форум алаңында өтпелі кезеңдегі энергетикалық сектордың , технологиялық инновациялар жағдайындағы сын-қатерлер, ғылым мен өндірістің интеграциясы, планетамыздың экожүйесін сақтау үшін жасыл экономиканы дамыту мәселелері талқыланды. Айта кетейік, Атырауда 200-ге жуық "Болашақ" түлегі бар.Гүлзада ШАКУЛИКОВА, С.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Форум барысында «Болашақ» бағдарламасының қауымдастығына мен өзім кіремін ректор ретінде. Соның мынау Атырау өңіріндегі бірінші офисын ашу. Бұл не үшін «Болашақта» білім алып келген мамандар өздерінің таланттарымен, идеяларымен, жоспарларымен жастармен бөлісу. Әрі қарай жастарға демеу беру, жастармен идея алмасу.