Атырау мұнай өңдеу зауытында жанар-жағармай өнімдерін шығару жұмыстары қайта жанданды

Атырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғылары іске қосылып, жанар-жағармай өнімдерін шығару ісі қайта жанданды.«Атырау МӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінен мәлім еткендей, зауыт кеше, 6 шілдеде жұмыс істей бастаған. Зауытта баяу кокстеу қондырғысынан басқа желілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. «Баяу кокстеу қондырғысында апатты тоқтау салдарынан бітеліп қалған жабдықты тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл қондырғы шикі кокс өндіруге арналған. Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлеміне әсер етпейді. Аталған қондырғыны іске қосу 9 шілдеге жоспарланып отыр», -деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінен. Қазір Атырау мұнай өңдеу зауытының резервуарларындағы қор есебінен әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін жөнелту жалғасып жатыр. Мәселен, 1-6 шілде аралығында тұтынушыларға 24 мың тонна АИ-92 бензинін, 9 мың тонна АИ-95 жанармайын, 40 мың тонна дизель отынын, 3 мың тонна әуе отынын жөнелткен. Еске сала кетелік, бұдан бұрын электр қуатының жоқтығынан Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатқанын хабарлаған едік. Атырау мұнай өңдеу зауыты 3 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 17:25-те жұмысын тоқтатты. Оған «KEGOC» АҚ тарапынан электр энергиясының өшірілуі себеп болған. Кейін зауыт қондырғылары іске қосылып жатқанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауыты 6 шілдеде толық іске қосылатыны айтылды. Ал, экологтар Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізуді жоспарлап отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Черчесов Қазақстанды әлем чемпионатына шығара алмайды – Ольга Смородская
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
АҚШ долларының бүгінгі бағамы қанша?
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
АҚШ долларының бүгінгі бағамы қанша?
Жамбыл және Түркістан облысында жолдар ашылды
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
"Жалған ақпараттар таралып жатыр": Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы қайғылы оқиға: желіде боттар мен фейктер тарап кетті
Қазақстанда автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» ұғымы енгізілді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Трамп ABC News-тен 15 миллион доллар өндіріп алды
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды