Атырау облысы Құрманғазы ауданының ата-аналары мен ұстаздары ұлттық бірыңғай тестілеу орталығын ауданда ашуды сұрайды. 11 жылдық білімі сыналар шақта түлектерді қалаға сабылту – оқушының білімі мен денсаулығына әсер етпей қоймайды,- дейді. Оның үстіне бірнеше рет баруға қаржы жетпегендіктен, тест тапсырудан бас тартатынар да бар көрінеді.Гүлзада Бекмұхамбетованың ұлы екі жыл бұрын ұлттық бірыңғай тест тапсырған. Шалғайдағы ауылдан қалаға жасөспірімнің өзін жіберіпті. Қолдап баруға қаржы тапшы болды,- дейді. Гүлзада БЕКМҰХАМБЕТОВА, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Үш рет барды. Ойлайсың. Пока олар таксимен барады, анда барып жатақхана іздейсің қайда жатады пәтер. Тапсыратын жерлері де алыста болады ғой. Оған тағы жету керек. Менің балам айтып келді солай. Мен бірінші тапсырғанда сасып қалдым деді. Растерялся деді. Гүлзада АЮПОВА, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жолды өзіңіз білесіздер, өте нашар. Екі ортаға қатынау өте қиын. Өзіміз барып-келгенде әрең келіп, шаршап қалып жатамыз. Оның үстіне балалар тест тапсыруға барғасын біреуінің жататын жері бар, біреуінің жататын жері жоқ. Күні бұрын барып пәтер іздейді. Соның бірі балаларға стресс.. Бибісара ТӨЛЕГЕНОВА, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен қыз баламды жіберуге қорқамын, қазіргі жағдайларда көп естіп жатырмыз, қандай жағдайлар болып жатырғанын. Қыз баланы жіберуге өте қорқамыз. Мектеп бітірушілермен жан-жақты жұмыс жүргізілгенмен, бөтен орта мен алыс жол тест нәтижесіне әсер етпей қоймайды,- дейді ұстаздар да. Гүлсім ҚИСАЕВА, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ: Бірінші тапсырған тест балы төмен болады. Өйткені таныс емес жер, сосын таңғы сағат 5-тен Атырауға шығады. Бірнеше сағат жол жүреді. Соның бәрі әсерін бермей қоймайды. Көтеріп отырған мәлеле өте салмақты, орынды. Менің ойымша, білім бөлімі назар аудару керек деп ойлаймын. Биыл Құрманғазы ауданы бойынша 492 оқушы мектеп бітіреді. Оның 367-сі Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға ниетті. Білім бөліміндегілер ата-аналарға қалаға бір күн бұрын апарып демалтуға кеңес береміз дейді. Ал олардың жолақысы мен пәтерін ата-аналар өздері өтейді. Гүлфара ҚҰБАЕВА, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Өздеріңіз білесіздер прокторинг режиміне өткізіледі ҰБТ. Орталықтан қадағаланып отырады. Сондықтан интернеттің жылдамдығы бұл жерде өте жоғары болу керек. сол жылы қиналғандарын айтты. Келесі жылы бұл орталықты жауып тастады. Әзірге қолға алынған жоқ. Биыл болмағанымен, келесі жылдары бұл мәселелер шешіледі деген үміттемін. Атырау облысына Құрманғазы ауданынан өзге тағы 5 ауданда да мұндай орталық жоқ. Сондықтан оқушылар ұлттық бірыңғай тест тапсыру үшін бірнеше мәрте облыс орталығына сабылуға мәжбүр.