Атырау облысы тұрғыны әпкесінің атына несие рәсімдеп, кейін өлтірмек болған

Атырау облысында туған әпкесінің атына несие рәсімдеп, кейін өлтірмек болған келіншек өзіне-өзі қол салды. Оқиға Құрманғазы ауданындағы алақандай ғана ауылда болған. 49 жастағы әйел әпкесінің телефонымен жасырын түрде екі миллион теңгеге жуық онлайн несие рәсімдеген. Әпкесі мойнында қарызы барын банктен «несиеңізді төлеңіз»,- деп телефон шалғанда ғана бір-ақ біледі. Ал ақшаны қалтасына басқан сіңлісі, мазалап жүрген банк қызметкерлері емес, алаяқтар деп , телефон нөмірін ауыстыруға кеңес береді. Кейін сіңлісі әпкесінің үйіне жасырын кіріп, ұрып-соғып, үйін өртеп жібермек болған. Бауырының әрекетінен аман қалған 56 жастағы әйел құқық қорғау органдарына арызданады. Ісі әшкере болған соң сіңлісі ауылдан бірнеше шақырым қашықтықтағы мал суаратын терең құдыққа секіріп кеткен. Қазір бауырлар арасындағы шым-шытырық оқиғаны аудандық полиция тергеп жатыр.Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Аталған деректер бойынша Құрманғазы аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын бастады. Сондай-ақ күдікті өзінің ізін жасыру мақсатында үйінен белгісіз бағытқа кетіп қалып, өз-өзіне қол салған. Ол іске қатысты да «Өз-өзін өлтіруге жеткізу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде қыс айларына арналған арнайы техникалар паркі жаңартылуда
ІІМ: Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша 120-дан астам қылмыстық іс қозғалды
Қазақстанда еңбек нарығы мен кадр даярлау тиімділігін талдау онлайн режимінде жүргізіледі
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
Алматыда бір қабатты қойма өртеніп кетті
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Ұлытауда облыстық Экология департаментінің басшысы қамауға алынды
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
«AMANAT»: Сыр халқы партия қолдауын сезінді
«Салтанат шақырған такси жүргізушісімен сөйлестім»: Адвокат Нүкенованың ісіне қатысты тың дерек айтты
Қостанай облысында жанармай құю станциясына шабуыл жасалды
Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды
Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге қаражатты жымқыру дерегі  анықталды
“Бұл күндер де қалады артта“. Тағы да бала күтіп жүрген Ерке Есмахан Италияда не істеп жүр?
«Иә дедім»: тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шығады
Астанада ғасыр жасаған соғыс ардагері Раиса Сафоничева дүниеден озды
Анастасия Городко алтын алды
Qazaq Coffee кофеханасының тағдыры шешілді