Атырау облысында ашық аспан астындағы Сарайшық қалашығына тасқын судан қауіп төнді

Атырау облысында республикалық қорғауға алынған ашық аспан астындағы Сарайшық қалашығына тасқын судан қауіп төнді. Қазба орны қасында орналасқан бөгеттен су кетіп, абырой болғанда ағын су шұғыл ауыздықталды. Мамандар сәл болмаса, орта ғасырлық ескерткіштің құнды қазба орнын жоғалтар ма едік деп уайымдап қалды. Қазір музей-қорық уақытша жабылып, туристерді қабылдауды тоқтатты. Жағалау тәулік бойы бақылауда. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Бұл -былтыр археологиялық қазба кезінде табылған тұрғын жайлар. Жайық өзені іргесінен су шығып кеткен кезде ескерткішті сақтап қалу үшін тұрғын жайдың шетін бұзып, топырақпен бекітуге тура келген. Тарихи аумаққа ауыр техника кіріп, бөгетті бекітті. Мұндай шешімді министрлікпен келісіп отырып, шұғыл қабылдадық,- дейді музей-қорықтың директоры. Судың мол келгені сондай, бетон плиталармен бекітілген жағалау су астында қалған. Асау ағыс құм толы қаптарға соғып тұр. Әбілсейіт МҰХТАР, «САРАЙШЫҚ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Орта ғасырлық Сарайшықты сақтау бағытында 1 км 500 метрге үлкен бетон құйылған болатын. Бетонның биіктігі 3 метр 60 см, оған қосымша жаяу жолы салынған болатын. ол Шамамен 1 жарым метрдей. Сонда 5 метрдей биіктік болатын. Сарайшық ескерткішіне дейін. Міне өздеріңіз көріп тұрғандай су бүгін бетонды да басты, жаяу жүргіншілердің жолын да басты Республикалық қорғауға алынған «Хан ордалы - Сарайшық» музей-қорығының жалпы аумағы- 99 гектар. Оның 1 шақырымдайы Жайық өзеніне тиіп тұр. Қайта жаңарту кезінде қорғандар салу жоспарланған. Одан бұрын жағалауды бекіту керек болады,- дейді ғалым. Қазір орта ғасырлық ескерткіш орналасқан 3 мыңға тарта тұрғыны бар Сарайшық ауылын да су қоршап тұр. Ағыс та қатты. Төтеншеліктер мен ауыл тұрғындары бөгеттерді көз ілмей күзетіп жүр. Алмаз ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бақылауда алып отырған екі ауыл бар. Сарайшық пен Талдыкөл. Неге десеңіз екі ауыл да төмен болып тұр. Су деңгейі барлығы осы жерге көп жиналады. Махамбет ауданы бойынша 108 шақырым бөгет жасалған. Биіктігі 5 метрден, 9,5 метрге дейін барады. Жалпы бөгеттер барлық ауылдарды, 17 елді мекенді қоршап тұр. Махамбет ауданында өзен деңгейі қазір 981 см. Шектік деңгейден 130 см артық. Ауданды тасқыннан қорғауда техника да, адам күші де жеткілікті,- дейді мамандар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Есірткі таратуға қатысы бар шенеуніктерді өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылды
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер енгізіледі
Сыр өңірі көш бастап тұр
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Дәрігер қарттардың арқасының ауыруының ерекше себебін атады
Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі өмірден өтті
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды
Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінде күміс алды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде күміс алды
Жамбылда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Жамбыл облысының 85 жылдығы кең көлемде атап өтілді
Абай облысында қазандық жарылды: полиция тергеу жүргізіп жатыр