Атырау облысында 173 жасөспірім ерте жүктілік есебіне алынған

Атырау облысында былтыр 173 жасөспірім қыз ерте жүктілік есебіне алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ерте жүктілік есебіндегі жасөспірімдер Атырау қаласы мен Жылыой, Мақат аудандарында байқалып отыр. «Атырау облысында былтыр ерте жүктілік есебіне 173 жасөспірім қыз алынды. Атырау қаласындағы №3 және №4 емханаларда, «Ақтөбе Транзит Экспедишн» жеке клиникасында ерте жүктілікпен 102 жасөспірім тіркелді. Ал, Жылыой мен Мақат ауданында ерте жүктілік есебіне 71 жасөспірім қыз алынғаны анықталды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Өткен жылы кәмелет жасына толмаған 85 жасөспірім босанған. Оның біреуі 14 жаста болған. Ал, 23 жасөспірім 16 жасында және 17 жасар 61 қыз өмірге бала әкелген. «Алдыңғы жылы кәмелетке толмаған 108 қыз босанғаны тіркелген еді. Ал, былтыр олардың саны 85 болды. Бұған ерте жүктіліктің алдын алу бағытындағы профилактикалық түсіндіру жұмысының септігі тиді», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен. Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Атыраудағы №3 қалалық емханада жасөспірімдер гинекологінің кабинеті ашылған. Өткен жылы оған 18 жасқа толмаған 1 014 қыз жүгінген. Оның ішінде 364 жасөспірім денсаулыққа қатысты шағым айтқан. Ал, 483 жасөспірім профилактикалық тексеруден өткен.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан әйелдер құрамасы Словакиядан жеңілді
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Павлодарда заңсыз пиротехника сатушылар жазаланды
Әл-Фараби БОЛАТЖАН, дінтанушы: «Зайырлылық – қауіпсіздік кепілі»
Мүмкіндігін жіберіп алғандар үшін тағы бір мүмкіндік
Алматыда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат қайта қамауға алынды
ҚМА Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастыруда
"Келешек" кемел бола ма?
Алатау ауданының Қарасу сквері тұрғындар серуендейтін орынға айналды
АЛМАТЫДА ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Жыл қорытындысы: Су инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның орнықты болашағы үшін технологияларды енгізу
Қазақстан-Қытай шекарасының жұмысы тоқтатылады
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
Шерзат Полаттың өлімі: прокуратура мәлімдеме жасады
Алматыда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат қайта қамауға алынды
Елімізде жыл басынан бері қанша адам жұмысқа орналасты
Активтерді қайтару жөніндегі комитет Құлыбаевпен соттасып жатқаны рас па?
Шерзат Болат ісіне қатысты тергеу аяқталуға жақын
Прокуратура Шерзат Болат ісі бойынша маңызды мәлімдеме жасады
Салтанат Нүкенованың ағасы экс-депутаттың қызымен түскен видеосын жариялап, көпшілікті қызықтырып қойды
Өзбек боксшысы алған алтын Абылайхан Жүсіповке қайтарылды
Шерзат пен ағасының өлімі және үй өртеу ісін Бас прокуратура бақылауға алды
Шерзат Болатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталуға жақын
Доллар, еуро, рубльдің 13 желтоқсандағы бағамы жарияланды