Атырау облысында 3 көлік соқтығысып, шетелдік жолаушы көз жұмды

Атырау облысында 3 көлік соқтығысты. Жол апатының салдарынан шетелдік 1 жолаушы көз жұмды.Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, 15 маусымда болған.«Жол апаты таңертеңгі сағат 06:30 шамасында Атырау-Доссор тас жолының бойында тіркеліп отыр. Бір мезгілде үш көлік – КамАЗ, ПАЗ – 32053 және Daewoo Nexia соқтығысты. Жол апатының салдарынан Өзбекстан Республикасында тіркелген Daewoo Nexia автокөлігіндегі 1 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Марқұм – Өзбекстан Республикасының 1973 жылғы азаматы», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.Белгілі болғандай, үш көліктің бірі – КамАЗ жол жиегіндегі суға құлаған. Бұл жолдың бойына тасқын су тіреліп тұр. Жол апаты тіркелген тұста 496-теміржол бекеті бар.Ал, патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол апатына қатысты тергеу жүргізуді бастады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Майқайың кенішіндегі апат: Мәйітті іздеу жұмысы қашан жалғасады
Шымкентте білім басқармасы бастығының орынбасары жауапқа тартылды
Түркістан облысында 70 мың гектарға химиялық өңдеу жүргізілді
Платежные организации просят спасти отрасль от уничтожения
Украина қарызын төлемегендіктен дефолтқа тап болуы мүмкін
Атырау облысында балықшы айыппұл арқалады
Астанада түнде көлікпен жарыс ұйымдастырғандар ұсталды
Алматыда, Шымкентте және Түркістан облысында қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
Текелі әлі газ бен судан тарығып отыр
"Қаңтар оқиғасына" белсенді қатысқандармен байланысты: қылмыстық топ мүшелері ұсталды
"Ордабасының" Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды
«Мерейді үлкен сахнадан көргіміз келеді». Мақпал Жүнісованың қызы көпшілікті тәнті етті
Неміс полициясы экс-судьяның өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Жастар мен сияқты шалыс баспаса деймін – есірткі жасырумен айналысқан жазасын өтеуші
Таразда АЭС салуға қатысты талқылау өтті
Қазақстандағы интернет сапасына көңіліңіз тола ма?
Ризабек Айтмұхан аралас жекпе-жекке ауыса ма? Спортшының өзі жауап берді
Қаңтар оқиғасы: 3 өңірде қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
Дана Нұржігіт телевидениеден не үшін кеткенін айтты
Есімі бірдей, бір күнде туған ерлі-зайыпты таңғаларлық оқиғасын айтып берді
Мына кезеңнен өтсек, бәрі жақсы болып кетеді деген жоқ – психолог ажырасу туралы
Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді
Мемлекеттік гранттың 80 түрі барын көп адам білмейді
Енді дәлелсіз жағымсыз пікір жазғандар сотқа шақырылады