Атырау облысында «AMANAT» партиясының бақылауынан соң мәдениет үйінің құрылысы аяқталды

Атырау облысы Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылында құрылысы тоқтап қалған мәдениет үйі «AMANAT»-тың партиялық бақылауынан соң пайдалануға берілді. Облыс орталығынан шалғай орналасқан ауылда бұрын-соңды мәдениет ошағы болмаған. Заманауи жабдықталған ғимарат аз уақытта ауылдықтардың рухани ордасына айналды. Махамбет Өтемісұлы атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері кезекті концертке дайындық үстінде. 300 орындық кең зал, сәулетті сахна. Бұрын ауыл өнерпаздары мектептің акт залында, ал күн ашық кезде далада, ашық аспан астында концерт қоятын. Райымбек БАҒЫТ, М.ӨТЕМІСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Халық концертке бірталай сусап қалды. Қазіргі уақытта уақытта апта сайын конуерт болып жатыр шүкір. Адамдардың бәрі лық толы, сыймай қалады. Қосымша орындар қойған жағдайлар болады. Жаңа үлгідегі мәдениет үйі музыкалық аспаптармен толықтай жабдықталған. Гремер бөлмесі, кітапхана, балаларды сурет, дәстүрлі музыка, биге шыңдауға да орын жеткілікті. Келушілерге асхана да жұмыс істемек. Мәдениет үйі 2021 жылдың қазанында пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда құрылысы қайта-қайта тоқтаған соң, «AMANAT» партиясы бақылау бекетін орнатты. Альберт АҚҚАЙНАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Сапасында кемшіліктер болды, қаланып жатқан кірпіштен қаланған жарларының қисық қаланған жерлері болды. Сонымен бірге құрылысшы мамандардың, қалаушы мамандардың біліктілігінің жетіспеуі құрылыс сапасына көп әсер етті. Ескертпелерін беріп, ұсыныстарын айту нәтижесінде кемшіліктер қалпына келтірілді. Мамандар білікті құрылысшылармен ауыстырылды. Еңселі ғимарат 300ден астам түтіні бар шалғайдағы шағын ауылға көрік беріп тұр. Халықтың қуанышы ерекше. Рахым ӘЖІҒАЛИЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Күні кеше ғана «Ауыл кеші көңілді» атты мекемелер арасында үлкен өнерпаздардың концерті ұйымдастырылды. «Ауыл іші - өнер кеніші», «Әу демейтін қазақ жоқ»,- дейді ғой. Барлық өнерпаздар өнерлерін көрсетті. Тұнып жатыр екен ауыл іші өнерден. Үлкен бір тамаша демалыс болды халық үшін. Халық лық толды. Айта кетейік, ауылда «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасына аясында 150 орындық дене шынықтыру кешеніне салынып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтауда екі баланы қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағым түсірген
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Таразда құтқарушылар 3 жасар балаға көмектесті
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Грузия жаңа президентін сайлады
Азаматтығын ауыстырған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атанды
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағым түсірген
Екі облыста жолдар жабылды
Оралда құтқарушылар 6 сиырды жұқа мұздың үстінен эвакуациялады
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады