Атырау облысында балабақшада бүлдіршінді ұрып тастаған

Атырау облысында мемлекеттік балабақшада бір бүлдіршінді қасындағы балалар ұрып-соғып тастаған. Оқиға Махамбет ауданы Бейбарыс ауылындағы «Балдырған» балабақшасында болды. Түскі демалыс уақыты кезінде бақылаусыз қалған балалар ұйықтап жатқан бүлдіршінді тұрғызып алып, бірнешеуі жабылып, төпелеген көрінеді. Шырылдап жылаған бөбектің үнін біразға дейін ешкім естімепті. Бұл кезде тәрбиеші қайда болды? Баланың қазір жағдайы қалай? Тілшіміз айтады. 3 жасар Әліби түнімен шошып оянып, ұйықтамайды. Беті ісік, соққының ізі әлі де байқалады. Кеше кешкісін нағашы әжесі бақшадан алып кеткен кезде тәрбиешісі топ ішінде балалар ұрғанын ескерткен. Бірақ оған сенбеген туыстары бейнебақылауды көрсетуді талап етіпті. Бейнежазбада балалардың түскі ұйқының кезінде емін-еркін жүргені көрінеді. Олар Әлібиді оятып алып, келесі бөлмеге алып шығады. Кейін орнына жатқызып, жан-жақтан ұра бастайды. Тіпті біреуі үстіне шығып секірген. Жанұшыра жылаған бөбектің дауысын ешкім естімейді. Бұл жағдай жарты сағатқа жуық созылған. Тек біраздан соң ғана көрші топтың күтушісі келіп, тәрбиешіні шақырған. Әлібидің өзі сөйлей алмайды. ЗПР-Р диагнозымен ем алып, жақында балабақшаға қосылған. Мөлдір ОТАРБАЕВА, АНАСЫ: 25 сеанс күніне қалмай басына тоқ алған бала, кмсы бар, микрополяризациясы бар, БАК терапиясы бар бәрін алған бала. Тоқ алған баланы келеді де төпетіп, 4-5 бала ұрады, ал не қалды баламның миынан не қалды, ішкі органдарына секіріп жатыр, одан не қалды. Мынаған кім жауап береді. Мен анық-қанығына жеткізуіңізді талап етемін. Тәрбиеші 1 сағаттай топта болмағанын мойындады. Беті сәл қызарып тұрған соң, медбикені шақырмай, өзі жақпа жаққанын айтты. Марита ЕСЕНҒАЗИЕВА, ТӘРБИЕШІ: Балалар ұйықтағасын келесі топқа бір жарысқа баратын болып, соның қағаздарын сұрайын деп үлкен топқа бардым қыздармен ақылдасайын деп. Сонда отырып қалдым. +Өзімнің кінәмді білемін. Күнде шықпайтын, сол күні шығып, жарысымның қағазын сұрайын деп кетіп едім. Жағдайдан балабақша меңгерушісі де хабарсыз. Барлық камера қосылған экран алдында тұрса да көрмеген. Ләззат ОРЫНБАЕВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ: Педагогым іште болмай қалып тұр. Оны мен өзім білмедім. Ол кісілер маған ескертпеді. Мен төменде отырамын ғой, сол жерде отырғанда мені ескертпей , кеше тек ата-ана соғып тұр. Осындай жағдай болды деп. Мен ата анадан естіп отырмын. Аудандық полиция тергеп-тексеруді бастады. Жағдайға байланысты ата-анасы мен балабақша қызметкерлерінен түсінік алып, балаға сараптама тағайындалды. Тәрбиешінің қан қысымы көтеріліп, дәрігерлер ауруханаға алып кетті. Айта кетейік, келесі айда балабақшада аудандық семинар өту жоспарланған. Сонда осы топ тәрбиешісі әріптестерімен жарысқа қатысады екен.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әділбек Мусин әлем чемпионатында рекорд орнатты
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
«Челсидің» бас бапкері Алматыдағы «Орталық стадионның» жағдайы туралы пікір білдірді
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
«Шұбар» қосалқы станциясындағы жағдай: жедел бригадалар жұмыс істеп жатыр
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі ашылды
Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Кабель желісін ұрлап кеткен: астаналықтар жарықсыз отыр
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
«Ақылды болма»: Қарағандының әкімі желідегі пікірі үшін жазаланды
Бухарест қаласындағы олимпиададан Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды
«Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» жарық көрді