"Атырау облысында бес ауылдың малы кәріз суын ішіп жүр", - тұрғын

Атырау облысында бес ауылдың малы кәріз суын ішіп жүр. Құрманғазы ауданының тұрғындары дабыл қағуда. Айтуларынша, кәріз алаңын қоршауды талап еткелі он жылға жуықтаған. Бірақ жергілікті билік құлақ аспай отырған көрінеді.Уахит МАСАЛОВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осыдан 2-3 шақырым жерде мал жүреді. Мына Шароннан басқа жерде су жоқ. Бүкіл мал осы 5 елдімекеннің малы су ішеді осы боқкөлден. Ауданның әкімі, ауылдың әкімі ешқандай халықтың тілегіне құлақ асып жатқан жоқ. Ешқандай жұмыс жасап жатқан жоқ, бірнеше рет айтты «қоршаймыз, қоршаймыз»,- деп. Ал әкімдіктегілердің айтуынша, ол аумақ кәріз суына арналмаған. Топырақты бөгет салғанымызға қарамастан, заңсыз төгуін тоқтатпай отыр,- дейді. Құрманғазы ауылынан бір жарым шақырым жерде орналасқан алаңның биыл ғана құжаты әзірленген. Шынболат МУСИН, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Ол жерлерді ауыр техниканың күшімен бал сияқты соқтырып тастаған болатынбыз. Алайда кейбір тұрғындар өзінің күштерімен жол салып алып төгуде. Қазір әкімшілік полиция бөлімі арқылы шаралар алынып жатыр. Жалпы биылғы жылы құжаттар жасақталды. Соны қоршауға есеп жасақтап жатырмыз. Алдымызда болатын кезекті бюджеттік нақтылауға ұсынылады. Б. Надірқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Қарашада ауа райына байланысты бірнеше рекорд тіркелді
ForteBank-тің POS-терминалы кәсіпкерлерге сатылымды арттыруға қалай көмектеседі
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін