Атырау облысы Жылыой ауданында бірнеше күн бұрын жоғалған азаматтың мүрдесі табылды, - деп хабарлайды atpress.kz.Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам 9 қаңтарда үйінен шығып кеткен.Ол 9 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында "Ккоммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім" деп анасына хабарласқан."Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру жұмыстары кезінде Ақкиізтоғай ауылы маңынан 9 қаңтар күні тұрғылықты мекен-жайынын шығып, қайта оралмаған 1985 жылы туған аудан тұрғынының мүрдесін анықтады. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген хабарламада.