Атырау облысында шомылу маусымы басталмай-ақ суға кету дерегі тіркелді. Индер ауданы құтқарушылары 15 жастағы жасөспірімнің мүрдесін жарты тәуліктен соң ғана тауып, жағаға алып шықты. Ауданда Жайық өзені қауіпті деңгейден айтарлықтай көтеріліп, өр суы арнасынан асқаны белгілі. Жасөспірім достарымен бірге тереңдігі 170 см болатын жайылма суға түскені анықталды.Әділ ҚОҢҚАЕВ, ИНДЕР АУДАНЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ: 28 мамыр күні үйінен 15 сағат үйден шығып кетіп суға кетіп, содан қайтып оралмаған. Осыған байланысты Атырау облысының төтенше жағдай департаменті қазіргі уақытта өр суының көптеп келуіне байланысты балаларыңызды қараусыз қалдырмауларыңызды, ғни сонымен қоса қазіргі уақытта балалардың каникулда болуына байланысты үнемі қадағалауарыңыз сұралады. Құтқарушылар бүгін тағы екі ер адамның денесін судан шығарды. Жеке қайығымен балық аулауға кетіп оралмаған Жылыой ауданының 33 жастағы тұрғынын 6 күн бойы үздіксіз іздеп, Қамыскөл көлінен тапты. Мал жаюға кетіп, хабар-ошарсыз қалған Махамбет ауданының 26 жастағы азаматының денесі жайылмаға тараған өр суынан шықты.