Атырау облысында ер адамдар арасындағы төбелес атыспен аяқталды

Жылыой аудандық соты бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айыппен ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ.Атырау облысы Жылыой аудандық сотының ақпаратына сәйкес, іс Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша қаралды.Сотта анықталғандай, 2022 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 02.00 шамасында ішімдік ішу барысында айыпталушы ер адамның ағасы мен жәбірленуші арасында келіспеушілік туындап, арты төбелеске ұласқан. Төбелес барысында оқиға орнында болған басқа тұлғалар араша түсіп, күдіктінің ағасы төбелес орнынан кетіп қалған."Сағат 02.45-те күдікті жәбірленушіге қоңырау шалып, оны кездесуге шақырған және сотталушы өзімен бірге аңшылық қаруын алып шыққан. Сағат 03.15-те күдікті бұзақылық ниетпен қоғамдық орында бөгде адамдардың көзінше ауызша келіспеушілік барысында аңшылық қаруынан жәбірленушіге қарай бір рет оқ атып жіберген", – делінген Атырау облыстық сотының хабарламасында.Атыс нәтижесінде жәбірленуші сол жақ санынан ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Күдіктінің кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және басқа да іс құжаттарымен дәлелденген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Тәуелсіздік күніне орай елордада конкурдан жарыс өтіп жатыр
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады
Алматы Халықаралық әуежайында туристерге сыйлықтар табысталады
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай шыңға шықты
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»