Атырау облысында еріктілермен бірге Пішөн есімді ит те жаға бекітіп жүр. Иесімен бірге жағалауға келген төртаяқтының еңбекқорлығына жұрт тәнті болды. Махамбет ауданындағы Сарытоғай ауылы тұрғыны Зәмзәгүл Жаңабаева төбет шатыс итті үш жыл бұрын күшік кезінде асырап алғанын айтады. Содан бері иесінің бірнеше бұйрығын орындауға үйретіп қойған. Ол видеода бірнеше қап салынған қапшықты сүйреп барады. Ауыл тұрғындары да жеті қазынаның бірі адамның қай кезде де сенімді серігі екенін дәлелдегені,- дейді. Зәмзагүл ЖАҢАБАЕВА, МАХАМБЕТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Мына жерге келгенше 500 метрдей жол жүріп келдім. Маған ыңғайсыз болды оны көтеру. Сондықтан мен оны шақырып алдым да, кел маған көмектес, тасыс деп екі қапшығымды арқалатып әкелгіздім осы жаққа шейін. Есенжан ДҮЙСЕНОВ, МАХАМБЕТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Сәуірден бастап қасымызда бірге жүр. Бүкіл шаруада бірге жүреді. Адамдар алып келе жатқан мешоктарды әкеліп бірге жүр. Сол мына ит қасымызда жүргенде адамдарға мотивация береді. Көмектесіп шауып жүреді.