Атырау облысында футбол ойынының соңы өліммен аяқталды. Сағыз ауылының жас жігіттері жолдастық кездесу өткізу үшін спорт кешеніне жиналған. Ойын барысында өзара сөзге келіп, жанжал сыртта жалғасыпты. Төбелес салдарынан бір студент ауруханаға түскен. Және жақында ғана әскерден оралған 22 жастағы жігіт суық қарудан көз жұмды. Полиция Қылмыстық Кодекстің «Адам өлтіру» бабымен тергеуді бастады. Күдікті ретінде 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ауыл әкімдігінің өкілдері үнемі достық байланыста жүрген балалардың бұл қылығын өзіміз де түсінбей отырмыз,- дейді. Әйгерім КЕҢЕСОВА, САҒЫЗ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Таңғы төртке дейін осы істің басында жүрдік біз. Бірге футбол ойнап, бірге әкімдіктің кез келген шараларына қатысып жүрген белсені жастар. Бұлардың арасында бұған дейін ондай келіспеушілік орын алған жоқ. Біз өзіміз түсінбей жатырмыз. Б. Надірқызы