Атырау облысында Жайық өзенінде су әлі де көтеріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.ҚР ТЖМ мәліметінше, соңғы 5 күн ішінде аймаққа су келіп жатыр. "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамырда сағат 9:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:Атырау - 538 сантиметр. Тәулігіне + 5 сантиметр.Индербор ауданы 1033 сантимтер. Тәулігіне +7 сантиметр.Махамбет ауданы 955 сантимтер. Тәулігіне +16 сантимтер."Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Одан әрі артуы күтіледі", - делінген хабарламада.