Атырау облысында жол жырылып, көлік қатынасы тоқтады

Атырау облысының Қызылқоға ауданында су тасқыны жол жыры кетті. Көлік қатынасы тоқтады7Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тас жолының 248-260 шақырымында көлік қозғалысы шектелді. Жолдың бұл бөлігі Қызылқоға ауданының орталығы Миялы мен оған көршілес Жангельдин ауылын жалғайды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл – былтыр жырылған жолдың бір бөлігі. Топырақ төселіп, көлік өтетіндей етіп жасалған. Бүгін, 11 наурызда таңғы сағат 4:45-те еріген қар суының көп келуіне байланысты топырақ төселген жол қайта бұзылған. «Жоспарға сәйкес жырылған жолдың бөлігіне су өткізетін арнайы құбыр қойылады. Былтыр жолдың бұл бөлігіне асфальт төселген жоқ. Жол тек топырақ төселген күйінде тұр», -деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметінен. Қазір Миялы ауылынан Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округтеріне көлі қатынасы тоқтаған. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында төрт ауылдан 17 мың текше метрге жуық қызыл су сорылғанын хабарлаған болатынбыз. Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұхановтың дерегіне қарағанда, 7 наурызға қараған түні нөсер жаңбыр жауған. Жаңбыр мен еріген қардың салдарынан Миялы ауылдық округінде су деңгейі көтерілген. Бұл ауылішілік су басу қаупін туындатқан. «Толассыз жауған жаңбыр Сағыз ауылының ортасымен өтетін Ноғайты өзенінің арнасын толтырып жіберді. Сол себептен өзен жағалауын бекітуге 80-нен астам тұрғын жұмылды. Қазір Ноғайты өзеніндегі су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Ал Сағыз өзенінде ағыс бәсеңдеді», -деген еді Қанат Әзмұханов. Кейін Қызылқоға ауданында әлі де екі ауылдың көшелерін су басып жатқанын жазған едік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Ақтөбеде жоғалып кеткен адам аман-есен табылды
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Харбин-2025: Қазақстан құрамасы Азия ойындарында қандай форма киетіні белгілі болды
Семейде жеке тұрғын үйде өрт шықты
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастама бастау алды
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
Семейде зейнеткерді көлік қағып кетті
Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға 5 млн теңге табысталды