Атырау облысында жүкті келіншек аурухана төсегінде көз жұмды. Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны денсаулығына байланысты шағыммен дәрігерге жүгінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел ауруханаға 5 желтоқсан күні түскен. Дәрігерлер «жедел респераторлық ауру. Жедел фарингит» диагнозын қойған. Ол ертесіне жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жүктіліктің 36-шы аптасында болған. Оқиғаға байланысты аудандық полиция бөлімі «Медицина жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бабымен іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Марқұмның артында 1 жасар баласы қалды. Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Қазір аталған дерек бойынша ҚК 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды.