Атырау облысында кәріз құдығын жөндеп жатқан 2 жұмысшы көз жұмды

Атырау облысында кәріз құдығына құлаған 2 жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оқиға бүгін, 13 шілдеде Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде болған. Бұл деректі «Жылыой Су» мекемесі растады. «Бүгін Жылыой ауданында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде «Жылыой Су» мекемесінің 2 жұмысшысы кәріз құдығында қаза тапты. Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы осы жағдайды тексеру бойынша арнайы комиссия құрды», - деп хабарлады коммуналдық мекемеден. Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нариман Өтешовтің айтуынша, жұмысшылардың құдыққа құлағаны туралы хабар 9:42-де түскен. Хабарды Жаңа Қаратон кентінің тұрғындары берген. Кәріз құдығының тереңдігі - шамамен 7-8 метр. Екі жұмысшы жөндеу жүргізу кезінде құдыққа құлап кеткен. Жөндеу жұмысына негізінен 5 адамнан тұратын бригада тартылған. «Жылыой Су» мекемесі қаза тапқан жұмысшылардың отбасына материалдық көмек көрсетеді. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында терезеден құлаған үш баланың біреуі мерт болғанын хабарлаған едік. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына байланысты 3 дерек тіркелген. «Биыл Атырау облысында 3 бала терезен құлап кетті. Оның ішінде 2 жағдай - Атырау қаласында, біреуі - Индер ауданында тіркеліп отыр. Екі бала ауруханаға түсіп, емделіп шықты. Өкінішке қарай, құлаған баланың біреуі мерт болды. Балалардың терезеден құлауына бірнеше себеп бар. Біріншіден, әсіресе, жаз мезгілінде тұрғындар көпқабатты үйлердің терезесіне арнаулы бекіткіш қондырымайды. Екіншіден, ата-аналар балаларын үйде қараусыз қалдырады», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды