Атырау қаласының маңында қамыс өртеніп, өрт 85 гектар жерге тарады.Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. «2 сәуірде сағат 9:12-де Атырау қаласының маңында, Дамбы ауылынан 30 шақырым жерде, Каспий теңізінің жағалауында, Ақжайық мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өртенді», - деп атап өтті мамандар. Ведомство мәліметінше, қамыс өрті 85 гектар аумаққа тараған. «Төтенше жағдайлар департаментінің күштері «Ақ Жайық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлерімен бірлесе отырып, 80 гектар аумақтағы өртті жойды. Қазір Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімдері мен резерват күштері өртті сөндіріп жатыр», - деді ТЖД өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Қамыс өртін сөндіруге облыстық ТЖД 10 қызметкері мен 2 техникасы; «Ақ Жайық» МКК 30 адамы, 9 техникасы, 2 қайығы, 4 мотопомпасы жұмылдырылды. «Өрттің елдімекендерге таралу қаупі жоқ. Өртті сөндіруге аймақтың батпақты жер болғаны мен күшті жел қиындаыпи жатыр. Өрт сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр»,- деді ТЖД өкілдері.