Атырау облысында көлік аударылып, жолаушы мерт болды

Атырау облысында көлік аударылып, жолаушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 3 наурыз күні болған. «Жергілікті уақытпен сағат 16:30 шамасында «Бейнеу-Құлсары-Доссор» тас жолының бойында «Toyota Land Cruiser» көлігі аударылды. Жол апатына жүргізушінің рульді игере алмағаны себеп болған. Көлік рулінде отырған 59 жастағы жүргізуші ұйықтап қалып, салдарынан жолдың соқ жақ бөлігіне аударылған. Ақтау қаласынан жолға шығып, Атырау қаласына жетпек болған 1964 жылы туған жолаушы оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. «Көлік руліне шаршаған күйде отырып, алыс сапарға шықпаған жөн. Жолда жүру қауіпсіздігін сақтау – адам өмірінің кепілі», - деп ескертті департаменттің баспасөз қызметінен Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жол апатынан 4 адам мерт болып, 3 жолаушы ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз. Жол-көлік оқиғасы «Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» (Астрахань) бағытындағы тасжолдың 492-шақырымында тіркелген. «Toyota Ipsum» автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, жолдың қарсы бағытына шыққан. Соның салдарынан ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан көліктегі 4 адам қаза тауып, 3 жолаушы әртүрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қандай?
Қазақ футболшыларының трансферлік құны арзандады
«Ұшақта құрбымның ұлы болды»: Әзербайжандық әнші Роза Зергерлі қазақстандықтарға үндеу жасады (ВИДЕО)
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Олжас Бектенов көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды