Атырау облысында көлік сиырға соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz сілтеме жасап.24 тамызда сағат 22:10 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 430-шақырымы тұсында Toyota Camry автокөлігі жол бойын қиып өтіп бара жатқан сиырды қағып, соққы екпінімен Mercedes жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.Жол апаты салдарынан Toyota Camry автокөлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында алған дене жарақаты салдарынан қаза тауып, екі жолаушысы түрлі дене жарақатын алды.