Атырау облысында қылмыстық топ 23 бас қой ұрлаған 9 ақпан Қызылқоға ауданының 1984 ж.т. және Мақат ауданының 1986 ж.т. тұрғындары өзара сөз байласып, өзгенің қорасындағы 23 бас қойын ұрлаған. Олар қойларды бос тұрған қыстаққа жасырып, кейін 1986 ж.т. күдіктінің ВАЗ 2114 автокөлігімен өздерінің қорасына тасыған. Қызылқоғалық полицейлер күдіктілерді ұстады. Қазір екеуі де ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес УҰИ-на қамалды. Тергеу амалдары басталып кетті.