Атырау облысында мектеп формасын кимеген оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынады

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар орындалмаған жағдайда оқушының ата-анасына айыппұл салынады, деп хабарлады turkystan.kz.Атырау облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек Таишевтің айтуынша, бұл жөнінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 409-шы бабында көрсетілген. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы № 26 бұйрығымен мектеп формасына қатысты 49-шы бабында балаға форма кигізу, оны мектептен қалдырмау секілді басқа жауапкершілік ата-анаға жүктелген. Ал егер осы талаптар орындалмаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-шы бабының 2-ші тармағына сәйкес ескерту немесе бес АЕК көлемінде айыппұл салынады», - дейді Б.Таишев. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-шы бабының 2-ші тармағында былай деп жазылған: «Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы – ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады». Бердібек Таишевтің берген ақпараты бойынша, былтыр Атырау облысында бір ата-анаға айыппұл салыныпты. «2017-2018 оқу жылында 59 ата-анаға қатысты материалдар түсті. Соның ішінде, 19 ата-анаға іс қозғалып, 4 ескерту, ал 15 ата-анаға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 2021 жылы 2 ата-анаға іс қозғалып, «ескерту» түрінде шара қолданылды. Былтыр 1 ата-анаға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деді департамент басшысы. Айта кетейік, бес айлық есептік көрсеткіш 17 мың 250 теңгені құрайды. Атырау облысындағы 200-ден астам мектепте 148 мың оқушы білім алуда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
«Астана» - «Челси» матчынан кейін Алматы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды
«Астана» командасы «Челси» клубынан жеңіліп қалды
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Нұрбек Оралбай 50 мың доллар сыйақыға ие болды
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді
“Астана“ - “Челси“ матчы: Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Конференция лигасы: “Астана“ “Челсиге“ есе жіберді
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды