Атырау облысында шаруалар субсидияға қол жеткізе алмай отыр

Атырау облысы Мақат ауданының шаруалары субсидияға қол жеткізе алмай отыр. Бүгінде ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау аз емес. Алайда осынау игіліктен мақаттық малшылар тыс қалып келеді. Мақат ауданы бойныша 102 шаруа қожалығы тіркелген. Мал басы да жыл санап өсіп келеді. Тек былтырдың өзінде 32 тұлға ресми құжат алып мал бағуға бет бұрыпты. Алайда, олар мемлекет тарапынан беріліп жатқан субсидиялар мен басқа да өтемақыларды ала алмай отыр.  «Шаруагерлер құжаттарын толығымен жасай алмай отыр. Себебі, жер берілу баяу, құжаттарын жасау баяу. Субсидияға құжат тапсырғанда ең бірінші жер мәселесі шешілуі керек. Жер мәселесі шешілмей ешқандай шаруа бітпейді», - дейді шаруа қожалығының жетекшісі Ғазиз Ғабдуллин. Мақат – бірыңғай өндірісті аудан. Сондықтан болар, шабындық жер тапшы. Осыдан 2 жыл бұрын жергілікті билік көршілес Қызылқоға ауданынан 413 мың гектар жер телімін ұзақ мерзімді пайдалану үшін алған еді. Бірақ ол өңір тек мал жаюға ғана жарамды. Жылқы мен сиыр өсіретін Ғазиз Ғабдуллиннің шаруашылғына жылына 200 бума шөп керек екен. Шабындық жері жоқ болған соң сатып алуға мәжбүр. Былтырдан бері облыс бойынша ірі сабақты мал азығының ортақ бағасы белгіленді. Бір орам шөп 6 мың теңге шамасында. Яғни, орта есеппен бір шаруашылықтың тек шөпке жұмсайтын шығыны 1,2 млн теңге. Ол шығын субсидияланбайды. Мемелекет қолдауынан құр қалып отырған шаруаларға ортақ тағы бір проблема: олардың бекітілген шабындық алқабы жоқ. Барының өзі мардымсыз. Сол себепті субсидия ала алмай отыр.  «Солардың ішінде 3 шаруа қожалығы селекция жұмысына, мал азығына 3 млн 416 мың субсидия берілді. Биылғы жылы сол жұмыстар жалғасын табады», - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ақмарал Жангереева. Жалғасын табады. Бірақ жеткіліксіз. Мақат ауданындағы мал шаруашылығын өркендету үшін алдымен шабындық алқапты кеңейту керек. Қазіргі пайдаланып отырған 413 мың гектарға қосымша тағы да 25 мың гектар шабындық бөлінсе, малға да, жанға тиімді болар еді. Бірақ ол мәселе әлі шешімін тапқан жоқ

Читать источник astanatv.kz/kz/
Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?
Жыл қорытындысы: Су инфрақұрылымын дамыту және су тасқынын басқару жүйелері
Садриддин Ахмедовтың АҚШ-тағы басты жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Сүйіктісіне ұрланған гүл сыйлаған елорда тұрғыны жауапқа тартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде