Атырау облысында кейінгі екі айда 4 жол апатынан 20 адам мерт болған.Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жеңіл және ауыр жүк көліктер ағынының артуымен жол апаты көбейген. «Атырау облысындағы республикалық жолдарда соңғы екі айда 4 ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан 20 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамауы, қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты асыру. Сол себептен, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін патрульдік нарядтар шығарылды. Алайда, жолдың патрульдік полиция нарядтары кездеспейтін тұсында көлік апаты жиі тіркеліп отыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.