Атырау облысында су тасқыны қос ауданға қауіп төндірді

Атырау облысында су тасқыны қос ауданға қауіп төндірді. Индер және Махамбет ауданында мамандар бөгеттерді көз ілмей күзетуде. Алайда асау ағыс дес бермей тұр. Республикалық маңызы бар Атырау-Орал жолының Индербор кентіне кірме жолын су басып, автокөлік қозғалысы уақытша тоқтады. Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылы төрт күннен бері су қоршауында тұр. Тасқын су шаруашылықтарға тиесілі аумақтарды да басып қалған. Тұрғындар қатты ағыс бөгетті жарып өте ме деп қауіптенеді. Орта мектептен 300 орындық эвакуациялық орын дайындалған. Алмас ЖОЛДАСОВ, ТАЛДЫКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мына жерде жалғыз кірме жолымыз бар Талдыкөл ауылына. Оның жағдайы да мәз емес. Екі жағын су алып тұр. Әлі де жасамаған жұмыстар бар. Қазір су кеп қалса жаңадан салынған дамбаларымыздың асты тромбовка жасалмаған. Астарын жеп ауыл ішіне кіру қаупі бар. Индер ауданында да жағдай тұрақсыз. Түн ортасында тұрғындар бөгет бұзылғанын айтып, дүрлігіп кетті. Сөйтсе, бөгет астында қалған ескі құбырдан су кеткен. Салдарынан кенттің бір мың бес жүз тұрғыны жарықсыз қалды. Су жиналған аумақ бірден қоршауға алынып, су кері айдалды. Қауіпті саналатын 700 метр аумаққа резервтік бөгет салынып жатыр. Сондай-ақ «Атырау-Орал» республикалық тас жолының Индербор кентіне кірме жолды су басты. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Атырау филиалы басшылығының хабарлауынша, 7 шақырым жолдың 3 учаскесінен тереңдігі жарты метр су шығып кеткен. Әсет ОРАЗҒАЛИЕВ, ИНДЕР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Судың екі жағынан да су басты. Бұған дейін жолдағы өткізуді қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданған болатын. Бірақ судың аса көп мөлшерде көтерілуіне байланысты қазіргі таңда жол жабылып отыр. Су деңгейінің түсуіне байланысты жолды ашу бойынша шаралар қабылдайтын боламыз. Қазір қала маңындағы бөгеттерге де кезекшілік қойылған. Жауаптылар күндіз түні кірпік қақпай күзетіп жүр. Өйткені мол су қауіпті деңгейге жетіп қалды. Айта кетейік, Жайық өзеніндегі су деңгейі Индер ауданында шектік деңгейден 2 метрге жуық , Махамбет ауданында 1 метрден асып кетті. Ал Атырау қаласында 5 -ақ сантиметр қалды. Яғни, Жайық өзенінің шектің деңгейі 550см, қазір 545см.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Тұман түсіп, жел күшейеді
ШҚО-да қар көшкініне байланысты республикалық жолдың бір бөлігі жабылады
Бірнеше өңірде ауа ластанады
6 пәтер мен 19 люкс көлік алған: Қарағандыда ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері қызының еміне жиналған ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді
24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“Бір плюс, бір минуспен аяқталды“. Экономист 2024 жыл туралы
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды
2024 жылы ең көп қойылған есімдер. Тізімде кімдер көш бастап тұр?
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Жел, көктайғақ, тұман: 24 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жамбыл облысында электровоз жөндеу депосы іске қосылады
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы қоныс тойын тойлады
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Салтанат кейсі: 2024 жылғы тұрмыстағы шулы зорлық оқиғалары
Астанада шаңғы маусымы ашылды
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Төл шаңырақ – жетім жүрек жәннаты
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды